ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ – ТИIМДI

0 134

111

Техника қарыштап дамыған бүгінгі заманда  көлік саласында да  экологиялық таза әрі экономикалық жағынан шығыны аз заманауи технологиялар қолданыла бастады. «Астана Тазарту» ЖШС елордадағы коммуналдық кәсіпорындардың ішінде алғашқы болып 9 техникасын осындай инновациялық құрылғылармен жабдықтап алды. Кеше қайта жаңартылған көліктердің  тұсаукесері өтті.

Енді «Астана Тазарту» ЖШС-ның қоқыс артатын 50 көлігінің тоғызы газбен де, дизельмен де, керек десе, тығыздалған табиғи газбен де жүретін болды. Астанада алғашқы рет қолданылып отырған газды-дизелді жүйені еуропалық  «Global Gaz» компаниясы әкеліп отыр. Оның елордадағы ресми өкілдігі – «ЭКО Газтранс-сервис» ЖШС аталмыш компанияның басшыларын тың технологиялардың тетіктерін астаналықтарға егжей-тегжейлі түсін­діруге арнайы шақыртыпты. «Global Gaz» кәсіпорнының бас инженері Федор Цигалоның айтуынша,  газды-дизельді жүйелермен қамтамасыз етілген құрылғылар орнатылған сәтте  көліктердің тарту қуаты күшейіп, жанар май шығыны 40 пайызға дейін азаятын көрінеді. Сонымен қатар, газ отыны 95 пайызға дейін жанып кететіндіктен қоршаған ортаға зияны да соғұрлым төмендейді. Көліктің жүрісі де жеңілдеп, қалдықтарды тұндыратын сүзгі үнемі таза қалпында сақталады екен. Тың технология жүйесі қауіпсіздік талаптарына да сәйкес келеді.

DSC_0095

«Астана Тазарту» кәсіпорны арнаулы көліктеріне газды-дизельді құрылғыларды орнатып, оны екі ай бойы сынақтан өткізіпті. Осы уақыт аралығында қосымша құрыл­ғылардың тиімділігі мен артық­шы­лығы дәлел­де­ніп шыққан. «Жаңа құрыл­ғылармен жабдықта­лып, қайта жаңғыртылған көлік­теріміздің қуаты 30 пайызға артқанын байқадық. Сонымен қатар техниканың қозғалт­қы­шына, моторына салмақ көп түс­пегендіктен көліктің қосалқы бөл­шек­терінің жарамдылық мерзімі де ұзаратыны сөзсіз» дейді мамандар.

Енді «Астана Тазарту» басқа көліктеріне де осындай құрыл­ғылар орнатуды бастамақ.

Қымбат НҰРҒАЛИ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 − one =