ТYHFЫШ ПРЕЗИДЕНТ КYНІНІН ТАFЫЛЫМЫ КАНДАЙ?

0 100

Биыл бұл мереке елімізде екінші рет аталып өткелі отыр. Былтыр ел Парламенті осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Оған төмендегі астаналықтар пікірі де дәлел.

 

Жумагулов

Сүйіндік ЖҰМАҒҰЛОВ, Астана қаласы Әділет департаменті бастығының орынбасары:

– Елімізде екінші рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор. Өйткені, Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Бүгінде тұңғыш Президенттің арқасында төрткүл дүние Қазақстанды таныды, мойындады. Қазақ елінің туы көкке көтеріліп, абыройы асқақтады. Осындай айтулы күн қазақ халқының мемлекет боп қалып­тасуының маңызды кезеңін айқындайды. Сондықтан, тәуел­сіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін!

 

111Қарлығаш ШАХМАНОВА, Астана қаласы Басқару колледжінің директоры:

– Тұңғыш Президент күнін жеке басқа қатысты мереке деп санамаймын. Өйткені, осыдан жиырма екі жыл бұрын, яғни 1991 жылы тәуелсіздігін жаңа ғана алған егеменді еліміз үшін бұл бір ерекше тебіреніске толы айрықша айшықты күн.

Қазақстан халқы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тағдырын табыстап, ел тізгінін сеніп ұстатып, сенім артты. Бұл ретте Мемлекет басшысының елді дамыту мен өркендету жолында төккен тері, жұмсаған қажырқайраты, сіңірген еңбегі өлшеусіз.

 

Максат

Мақсат МОМЫНОВ, Астана қаласындағы №51 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі:

– Күнтізбедегі желтоқсанның 1-і мен үшін өзгеше. Олай болатын себебі, бұл – менің туған күнім. Жыл сайын осы күнді өзімнің дүниеге келген күнім деп қана қабылдап келсем, былтырдан бері  мемлекеттік мереке ретінде де атап өтудеміз

Біз бүгінде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жетістіктерін еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырып жүрміз. Әрине, онымыз орынды. Бірақ, осыған етіміздің үйреніп кеткендігі соншалық, оның түп төркініне әрдайым жіті көз жібере бермейміз.

Бүгінгі игіліктеріміздің бәрін өздігінен жүзеге асқандай қабылдаймыз. Осының ар жағында ерек тұлғаның күн-түн қатып, жанын жеп жүріп атқарған жұмысы, ұланғайыр ұйымдастырушылық істері тұрғанын ескере бермейтін секілдіміз. Мұны қалың жұртшылықпен бірге, әсіресе, кейінгі толқын – жастар жағының да жақсырақ біліп, сезініп өскендері жөн. Сондықтан, Тұңғыш Президент күнін атап өтіп отырудың тағылымы мол.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 9 =