ТҰЖЫРЫМДАМА ТҮСІНДІРІЛДІ

0 161

жастар111

Бұрнағы күні қала әкімдігінің «Астана жастары» ұйымы орта мектептердің жас мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырды.

Шарада аталмыш ұйымның еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің жетекшісі Эльвира Есмұханова жасы 29-дан аспаған ұстаздарға былтыр Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндірді.

Жоспардың бірінші кезеңі 2013-2015 жылдарға арналған. Онда жастарға қолжетімді және сапалы білім беру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, мәдени құндылықтарға бей-жай қарамауға үйрету, жастардың бойында азаматтық және патриоттық сезімдерді өздігінен дамытуды ынталандыру, моральдық-рухани бағдарлардың сабақтастығы, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар, халықаралық жастар ынтымақтастығы, жастар сая­сатын институционалдық күшейту мәселелері қамтылған.

Осылардың ішіне, қарапайым тілмен айтқанда, еңбек нарығындағы жағдайды сараптап, жастарды соған сәйкес кәсіптік-техникалық немесе жоғары білімге бағыттау; жас, жаңашыл ғалымдарды ынталандыру; спорттық нысандарды жастарға қолжетімді қылу; жас отбасылардың тұрғын үй алу мүмкіндіктерін кеңейту т.б. бүгінгі күндері өзекті болып отырған мәселелер кіреді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − twelve =