©2020 Астана Ақшамы
Тұжырымдама тұғырына қонады
Үкімет отырысында Премьер-министр Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігіне 15 наурызға дейін еліміздің 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын енгізуді тапсырды.
– «Білім және ғылым министрлігіне тиісті органдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын енгізуді, сондай-ақ, заң жобасын дер кезінде Үкімет пен Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын»,-деп атап көрсетті Үкімет басшысы.
Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, Тұжырымдама Қазақстандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасына және жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негіз болады.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ