Түзету мекемелерін аралады

0 55

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында қоғамдық бақылау тобының мүшелері елордадағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне барды.

Қоғамдық бақылау тобы сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердегі жағдайын, медициналық-санитарлық қамтамасыз етілуін, жұмыс, оқу және бос уақытты ұйымдастырудың шарттары тұрғысынан олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде қоғамдық мониторинг жүргізу үшін құрылады. Осы мақсатта қоғамдық бақылау тобының мүшелері елордадағы ЕС-166/10 минималды қауіпсіздік мекемесіндегі сотталғандардың тұратын бөлмелері, кітапхана қоры, үй-жайларында болып, сотталғандардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Сондай-ақ елордалық тергеу изоляторының кеңсе үй-жайларының қызметімен танысып, монша мен кір жуатын кешен, дәріхана, асхана, тергеу бөлмелері, құрама бөлім мен бейнеконференц-залды аралады.
Өз басым бұл жердегі жұмыстардың оңтайлы жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Негізі департаменттің күш-жігерінің арқасында арнайы контингент арасында коронавирустық инфекцияның жаппай таралуын болдырмауға болады. Өкінішке қарай, қызметкерлердің көпшілігі өздері ауырып қалды, бірақ соған қарамастан олар мекеме ішінде ауру таралуының алдын ала білді, ол үшін рақмет, өйткені сотталушылардың туыстары алаңдайды, әсіресе, карантин жағдайында уақытша ұстау орындарында жеке қабылдауларға шектеу болғаны белгілі. Осы орайда мекеме басшылығына жұртшылықпен кері байланыста болғаны үшін алғыс айтқым келеді, осында болған адамдармен сұхбат барысында біз олардың құқықтарының бұзылуына жол берілмейтіндігіне көз жеткіздік.
Пандемия кезінде ұзақ уақыт бойы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері бәріне «жабық» болды, кездесулер онлайн форматта өткізілді. Шектеу шараларын кезең-кезеңімен азайту туралы Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қоғамдық бақылау тобы мүшелері мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын, мекеме ішінде індеттің таралуын болдырмауға бағытталған шараларды қадағалады. Сондай-ақ тергеу изоляторы жағдайының мониторингі фронт-офис үйінен басталды, оның қызметі карантин кезінде де жұмыс істеді, сәлемдемелер мен жіберулерді қабылдады. Департамент басшылығымен бірге санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау, арақашықтықты сақтау, бетперде кию туралы әңгімелесулер өткізіліп, тергеу изоляторында қамауда отырғандардың туыстарына мекеме ішінде бақылау жүргізілгендігі, мекеме әкімшілігі арнайы контингент құқықтарының үнемі бақылауында екендігі туралы ақпарат берілді. Мекеме ішінде экскурсия жүргізіліп, тергеу амалдары бойынша қамауға алынғандардың құқықтардың бұзылуын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді, оған сәйкес шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Бұл сапар Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ашықтығын көрсететін бастама ретінде ұйымдастырылды, осындай іс-шара EC-166/5 мекемесіне де жоспарланған.

Марат САТАРҚҰЛОВ,
қоғамдық бақылау тобының мүшесі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 20 =