«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұзақтан аман шыққан

0 4

1926 жылғы 9 қыркүйекте Украинада дүниеге келген Иван Тютин Қызыл Армия қатарына 1943 жылдың 18 тамызында шақырылды.

Тютин

Башкириядағы Алкино-2 станциясында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1944 жылдың көктемінде ол 848-полкті толықтыру үшін Гомель маңындағы майданға жіберілді.

Полк құрамында Белоруссияда, Литвада, 1-Прибалтика майданында әскери іс-қимылдарға қатысқан Иван Тютин жаяу әскерде атқыш болды. Өзінің жасағымен бірге Литвадағы Шяуляй қаласына дейін жетті. Ашық жерде болған қысқа ұрыс барысында көптеген сарбаздар қайтыс болады. Жаудың оғы оны да айналып өтпеді, аяғынан жарақат алып, тұзаққа түседі.

Босатылғаннан кейін Иван Тютин басқа сарбаздармен бірге Шығыс Пруссиядағы зауыттарды бөлшектеуге қатысты. Содан соң Кострома облысының Шарья қаласына жіберіліп, ондағы «Индустрой» тресінде балалар үй құрылысы комбинатын тұрғызуға атсалысты. Кейін орман шаруашылығы саласында 15 жыл жұмыс істеді.

Екі рет аудандық кеңестің депутаты, соттың халық заседателі болып сайланды. 1961 жылы ардагер екі баласымен Қазақстанға қоныс аударып, елордаға жақын маңдағы «Максимовка» ауылына көшіп келеді. Сол жерде 1991 жылға дейін ол құрылысшы болып жұмыс істеді.

Иван Тютин 1, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Польшаны азат еткені үшін» медальдарымен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды