Туыс елде де құрмет тұтады

0 51

Өзбекстандағы қазақ тілінде білім беретін мектептер мен қазақ мәдени орталығының бастамасымен Абай тойы аса мазмұнды деңгейде тойланып жатыр. Жуырда осындай маңызды шараның бірі Ташкент облысының Қыбырай аудандық №9 жалпы орта білім беретін мектепте өтті.«Артында өлмейтұғын сөз қалдырған» тақырыбындағы әдеби кешке аудандағы қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары жұмылдырылды. Сондай-ақ Өзбекстандағы ақын-жазушылар да қатысты. Әдеби-сазды кешке әрбір мектеп оқушысы арнайы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Олар Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін құйқылжыта шырқап, «Татьянаның хаты» өлеңі мен «Ескендір» поэмасы негізінде сахналанған қойылымдарымен көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар Қазақстаннан келген дәстүрлі әнші Бағлан Бәбіжан да Абай әндерін шырқап, кештің сәнін асырды.
Мазмұны мәйекті әдеби-сазды шарада ұлы ақынның және ол туралы жазылған кітаптардың шағын көрмесі де ұйым­дас­тырылды.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА,
Өзбекстандағы
«Нұрлы жол» газетінің тілшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =