ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0 138

артем

Кеше Астана қаласының «Артем», «Шарын» қатарлы сауда орталықтары мен базар аумақтарында «Әрбір тұтынушыға – қауіпсіз азық-түлік» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – тұтыну­шы­ларды қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау әдістерін түсіндіру және құқық­тық сауаттылықтарын арттыру.

Акция барысында Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары мен «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі тұтынушыларға түрлі кеңестер берді.

Сатып алушылар азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін сол жерде анықтай алды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы көкөністердегі нитраттың қалдығына, азық-түліктің микробтық лас­тануына, балдың табиғилығына және сүт өнімдерінің қышқылдығына тегін зертханалық зерттеулер жүргізді.

Акция жеміс-жидек пен бақша өнімдерін сату мерзіміне байланыс­ты үнемі өткізіліп тұрады.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге тыйым салынуына бай­ланысты осындай акцияларды өткізу кезінде қалада сатылатын азық-түліктердің нақты нұсқасын көрсетуге қол жеткізіледі және тұтынушылардың белсенділігі қажет екендігі анықталады.

Жұма ҚАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + eight =