Тұрсынғазы әндері әуеледі

0 151

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің XIX концерттік маусымы белгілі әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Сәби болғым келеді» атты концертімен ашылды.

WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.25 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.27
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.27 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.26
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.25
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.26 (1)
previous arrow
next arrow

Алматыға барып, Жүсіпбек Елебековтен әншілік әліппесін үйренген, Семей қаласының театрында Есмұхан Обаевтың жетелеуімен бірқатар рөлдерді сомдаған, Теміржан Базарбаевтың батасын алған Тұрсынғазы Рахимов М.Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық етті. Осыдан бес жыл бұрын ауыр науқастан өмірден озып кетті. Артында өшпес әндері қалды.
Композитордың, әсіресе ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазған әндері елге танымал. Соның ішінде осы кешке атау берген «Сәби болғым келеді» әнінің жазылғанына қырық жылдан асты. Бұған қоса, «Дариға, домбырамды берші маған!», «Қазағым-ай», «Аягөз – ару» атты сырлы әндерімен халық­тың жүрегін тербеді.
Еске алу кеші Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйым­дас­тырылды. Елорда филармониясы «Халық әні» бөлімінің әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет саласының үздіктері Секен Сыз­дықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, осы бөлімінің көркемдік жетекшісі – Тельман Нұркенов, филармонияның «Шалқыма» халық би ансамблі, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіманов, Клара Төленбаева, Толғанбай Сембаев, Нариман Абдрахманов концерттің арнайы қонақтары ретінде келіп, әннен шашу шашты.
Семейден келген Нұриден Иманбаев, Серік Бабаханов, Қайрат Қамидолдин, Елдос Жақсылықов, Гүлдана Ноғайбаева, Алтын Смасейітова, Жасұлан Тәжиев сынды өнер иелері ән шырқап, дәстүрлі ән өнерінің құдіретін паш етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 3 =