Тұрмыстық зорлық-зомбылық 50 пайызға өскен

0 66

Полиция зорлық-зомбылық оқиғаларына қа­ра­мастан, көптеген әйел­дердің өздерін жә­бір­леген ­кү­йеулеріне аяушылық білдіріп, оларды жазаға тартудан бас тартатынды­ғын атап өтті.Нұр-Сұлтан қалалық ПД әйел­дерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметованың мәлімдеуінше, карантин кезеңінде отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар 50 пайызға өскен. Карантинге дейін осындай 54 оқиға орын алған болса, қазіргі уақытта 108 факті тіркелген. Мұндай жағымсыз көріністің балалардың көз алдында өтіп жатқандығы, олардың психикасына керіс әсері бары – өз алдына бөлек әңгіме.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері төрт түрге бөлінеді. Оқшаулану кезіндегі орын алған экономикалық зорлық-зомбылық, сексуалдық, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша азаматтармен, оның ішінде отбасылық бұзушы ретінде тіркелгендермен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. «Бөлімдерге бекітілген учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен, есептегі тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізуде, бір айта кетерлігі – әдетте әйелдер 102-ге қоңырау шалады, ал полиция келген кезде көптеген әйелдер күйеулерін қорғап, өз шағымдарын қайтарып алып жатады, мұндай жағдайлар өте көп» дейді аға инспектор. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД әйел­дерді қорғау бөлімінде сенім телефоны бар екенін еске салады, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер 71-60-63 сенім телефонына қоңырау шалуына болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − eight =