Тұрмыстық- отбасылық жанжал ушығып тұр

0 55

Қалада карантин жарияланғаннан бері 15 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, 600-ге жуығы құқықтық және психологиялық кеңес алған.Полиция департаментінің мәліметінше, тұрмыстық жанжалдарға байланысты 19 ақпан мен 18 наурыз аралығында, яғни карантин енгізілгенге дейін жедел басқару орталығына жұмыс күндері – 20-30 қоңырау, демалыс күндері – 30-40, ал мереке күндері 40-50 қоңырау түседі екен. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде – 19 наурыздан 11 мамырға дейін Нұр-Сұлтандағы 102 нөміріне күн сайын отбасылық мәселелер бойынша 50 қоңырау шалынған.
– Қазіргі таңда 11 мамыр­дан бүгінге дейін жағдай тұрақтанды. Күн сайын орта есеппен 30-ға жуық қоңырау түседі. Қазіргі уақытта 102-ге бірнеше рет қоңырау шалынған мекенжайлар бойынша профилактикалық тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады елордалық полиция департаменті өкілдері.
Қалада карантин жарияланған сәттен бастап 300-ге жуық іс әкімшілік сотта қаралды. Полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, олар туындаған жағдайда тиімді шешімдерді анықтау үшін ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарға заң нормаларын, адамның құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді. «Жәбірленушілер тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әр адамға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтары жан-жақты көмек көрсететінін білуі тиіс» деп атап өтті полиция департаментінің өкілдері.
Қала аумағында жария­лан­ған карантин режимі кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері едәуір жиілеп кетті. Оның ішінде отбасылық сипаттағы құқық бұзушылық саны артты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 4 =