Тұрмыстық мәселелердің түйіні шешілді

0 64

Бүгінде әкімдердің есеп беру кездесулері олардың халық пен тығыз байланыста болып, жергілікті жердің кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерін жете білу құралына айналды деп айтуға толық негіз бар. Соған сай Астана қаласына қарасты  аудандардың әкімдері жыл сайын есеп беріп тұрады. Сарыарқа ауданының  әкімі Ермек Оспановтың есеп беру жиынында Көктал тұрғын алабының тұрғындары бірқатар сауалдарын  жолдаған болатын.

Осы орайда әкім аталмыш елдімекенге  барып, атқарылуы тиіс істерді көзбен көріп, көтерілген мәселелерді кешіктірмей дер кезінде шешіп берді. Елдімекендегі аулаларды, жолдарды қардан тазартқызды. Сондай-ақ, тұрғындар Көктал елдімекеніндегі аялдаманың балалабақшадан қашықта орналасқандығын тілге тиек етті. Тұрғындар ренішінің орынды екенін тілге тиек еткен Ермек Сабырбекұлы шаруаны жеделдетуді нықтап тапсырды. Мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.  Ал, тұрғындар өз тарапынан аудан әкіміне риясыз алғыстарын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =