Тұрмыс түйткілдері

0 83

Тұрғындардың сұрағына заңгер Ел­дос НҰРЛАНОВ жауап береді

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кім үй ала алады?

Жанар ҚҰЛБАЕВА:
– Мен жауапкершілігі шектеулі серік­­тес­­­тік­те­ жұ­мыс­ іс­тей­мін.­ Жол­­да­сым­ да­ же­­­­ке­мен­­шік­ ұйым­да­ жұ­мыс­ іс­тей­ді. Жас от­­­­­­басы болғаннан кейін тұрғын үй алу ке­­зе­­­гіне тіркелмекші едік. Бі­рақ жекеменшік ме­­кемелерде жұмыс іс­тей­тін­дер ондай кезек­­ке тіркеле алмайды екен. Сонда тұрғын үй кезегіне тіркеуге алынатын адамдар бөлек пе? Кімдер баспана кезегіне тір­келе алады? Қандай адамдарға жеңілдіктер қа­­растырылғанын білсем деп едім.

– Елімізде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңымен реттелген. Осы Заңның 67-бабының 1-тармағында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың қандай санаттарына коммуналдық және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің пайдалануға берілетіні көрсетілген. Олар:
– Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
– ҚР халықтың әлеуметтiк жағынан әлжуаз топтарына жататын азаматтары (егер тұр­ғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы 12 ай iшiнде жиынтық ор­та­ша айлық табысы ең төменгi күнкөрiс дең­гейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болса);
– мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қыз­­мет­­шiлер, ғарышкерлiкке кандидаттар, ға­рышкерлер, арнаулы мемлекеттiк орган қыз­мет­керлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, сонымен қатар, жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары. Екінші болып аталған санатқа:
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қа­тысушыларына теңестірілген адамдар;
– 1 және 2 топтағы мүгедектер;
– мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
– созылмалы аурулармен ауыратын адамдар (ҚР Үкіметінің арнайы тiзiмiне сай);
– жасына қарай зейнет демалысына шық­қан зейнеткерлер;
– кәмелетке толғанға дейiн ата-аналары­нан айырылған жиырма тоғыз жасқа тол­­ма­ған жетім балалар, ата-анасының қам­қор­лы­ғын­сыз қалған балалар;
– оралмандар;
– экологиялық зiлзалалар, табиғи және тех­ногендi сипаттағы төтенше жағдайлар сал­дарынан тұрғын үйiнен айырылған адам­­дар;
– көп балалы отбасылар;
– мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндет­те­рiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш ке­ңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құ­қық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
– толық емес отбасылар жатады (Заңның 68-бабы).

Өтемақы өндірудің жолы

Айдар ЕЛУБАЕВ:
– Мен құрылыс мекемесінде жұмыс істеймін. Біз бір-біріне жалғасқан екі тұрғын үй кешенін салып жатырмыз. Бірде құрылыс алаңында жүріп, тайып жығылып, аяғымды сындырып алдым. Біраз уақыт жұмысқа бара алмай, үйде жаттым. Бірақ жұмыс орны маған ештеңе төлеген жоқ. Өзім де сұрай қоймадым. Өйткені өзім жығылғаннан кейін мұны оқыс жағдайға баладым. Бірақ кейбіреулер өндіріс орнында алған жарақат ретінде жұмыс жері өтемақы төлеу керектігін алға тартады. Ал заң бойынша қалай болады, өтемақы өндіре аламын ба?

– ҚР Еңбек кодексінің 322-бабының 2-тармағына сәйкес өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты болған жарақаттар мына жағдайда:
– жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;
– жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
– қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;
– жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
– қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;
– жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;
– жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса;
– вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса, онда ол жарақат – өндірістегі жазата-йым оқиғалар ретінде қаралып, жұмыс беруші өтемақы төлеуге тиіс.

Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты еңбек инспекциясын, санитарлық қадағалау мекемелерін екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

Сіздің жағдайыңызда, жазатайым оқиға туралы жұмыс берушіге уақытылы хабарланбағандықтан, бұл оқиға сіздің (сіздің өкіліңіздің)өтінішіңіз немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша 10 күн ішінде тергеп-тексеріліп, тиісті шешім қабылданады (Кодекстің 324-бабының 12-тармағы).

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =