Түрлі мәселе талқыланды

0 11

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Павел Утюпинмен кездесіп, Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге – бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-­экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды» деп жазды А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =