ТҮРКИЯНЫҢ МӘДЕНИ МҰРА КӨРМЕСІ

0 129

Юнус Эмре

Кеше Назарбаев орталығында Гази университеті және Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы институт тарапынан ұйым­дастырылған «Түркияның материалдық емес мәдени мұрасы» көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына Қазақстан дипломаттары, мәдениет уәкілдік­терінің басшылары, қазақстандық зиялы қауым, Астанадағы Түркия елшілігінің өкілдері және түрік кәсіпкерлері қатысты.

Салтанатты рәсімде Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының директоры Ибрагим Йылдырым түрік және қазақ халықтарының ортақ мәдени мүдделері мен мұрасы туралы сөз қозғай келіп, мұнда ескі түркі мәдениеті мен наным-сенімдеріне тиесілі болған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан және бүгінгі таңда Түркия мен Қазақстан мәдениетінің ортақ мұрасы болып табылатын бұйымдар, құрал-жабдықтар және Түркияға тиесілі мәдени жәдігерлер қойылғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, көрмеде күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым бұйымдар, киім-кешектер, үйлену тойларында, әдет-ғұрыптарда, көз тию, дуалау, сиқыр сияқты табуларда қолданылған құрал-саймандар мен жөн-жоралғылар көрсетілді.

Көрме екі апта бойы өтеді.

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + twelve =