Түркияда Елбасы еңбектері таныстырылды

0 97

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы 10 жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» атты Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі түрік тілінде шығарған таңдамалы туындылары көптомдығының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер салтанатына сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының түрік тіліндегі бестомдығының тұңғыш рет шығарылып отырғанына көңіл аударды. Түркия Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұстафа Исен өз сөзінде Түркия басшылығы мен халқы ҚР Президенті Н.Назарбаевты құрметтейтінін және жақсы көретінін, бұл орайда Елшілік жарыққа шығарған бестомдықтың түрік қоғамы үшін аса пайдалы болатынын атап өтті.

 


 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =