Түркия елшісімен кездесті

0 12

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджимен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында жазды.«Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджимен кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, әртүрлі салалардағы, соның ішінде медицина, мәдениет, экология, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мысалы, түрік инвесторларының қатысуымен әмбебап көпбейінді аурухана, медициналық маскалар (респираторлар) шығаратын зауыт, республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт және т.б. салу сияқты бірлескен жобаларды іске асырудамыз. Электронды-оптикалық аспаптарды, қағаз санитарлық-гигиеналық бұйымдарды және тағы басқаларын өндіретін компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жобалар елімізге жеке инвестицияларды тартып қана қоймай, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді» деп жазды А.Көлгінов.
Сонымен қатар кездесуде экология, көгалдандыру және ағаш отырғызу, т. б. мәселелер талқыланды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + twelve =