ТҮРКІЛЕР ТАРИХ ЖАЗҒАН ЖЕР…

0 231

IMG_8403 - копия

Өткен аптада Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғол Мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сүхээнмен кездесті.

Академия жетекшісі моңғол бай­тағының түркілер үшін өте маңызды екеніне, аталған кеңістікте ғұндар мен түркілер өздерінің далалық империяларын құрғанына тоқталды. Сол себепті бүгінде түркінің сүбелі жәдігерлері Моңғолияның салқар да­ласында жатыр. Бабаларымыз ерлік пен өрлікке толы жырларын осындағы Орхон бойында жазды. Сондықтан, түп-түркінің тарихы, мәдениеті мен өркениетін түгендеуге көшкен Түркі академиясы үшін киіз туырлықты моңғол елімен байланысты нығайту өте қажет. Тараптар академия мен елшілік арасында әріптестік орнату, мәдени, рухани мұраларды бірге зерттеу, тізе қоса отырып археологиялық және этнографиялық экспедиция құру жайын талқылады. Көне түркі дәуірлеріне, ғұндарға қатысты ортақ ескерткіштерді зерттеу мен ортақ мәдени һәм тарихи шежірелерді зерделеу де сөз болды. Бұндай кез­десу­лердің нәтижесінде талай құ­пия­ны қойнына бүгіп жатқан бай­таққа ғалымдарымыздың барып-қайтуы мәселесі де жеңілдері сөзсіз. Моңғолия ұлттық ғылым академиясы мен Түркі академиясы арасында байланыс орнату да терең талқыланды. Жас ғалымдардың өзара тәжірибе алмасу жайы да ұмыт қалмады. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастық меморандумын бекіту жағын қолға алған дұрыс деп тарасты.

 

Өз тілшімізден

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =