ТҮРКІ ОЙЫНДАРЫН ДӘРІПТЕДІ

0 131

DSC_3382

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық кәрістердің этномәдени бірлестігі ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізді. Шараға қаладағы қазақ, қырғыз, кәріс, татар, неміс, түрік және басқа да эномәдени бірлестіктердің жастары ат салысты.

Осындай игі бастамалар арқылы бүгінгі буынды белсенді қоғамдық өмірге тартуға бағытталған жарыстың ашылу салтанатында қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Шавкат Исмаилов, №1 мектеп-лицей директоры Айдарбек Меңдібаев, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының директоры Ибрахим Йылдырым сөз сөйледі.

Әр түрлі ұлттың жеткіншектері асық ату, бес тас, шілдік ойындары арқылы бақтарын сынап, жүлдеге таласты. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломмен марапатталып, сый-сияпат алды.

Динара Жақсылыққызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =