Түркі әлемінің жаңа кезеңі

0 19

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі VIII саммитіне қатысушыларға бейнеүндеу жасап, аталған жиынның негізгі месседждерін атады. «Бүгіннен бастап біздің бірлестік Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады.

2021_04_01_img_20210331_212259_429

Бұл қадам елдер арасындағы ықпалдастықты ілгерілету ісін жаңа деңгейге көтеріп, ұйымның мәртебелі миссиясын жүзеге асыруға тың серпін береді деп сенеміз. Осылайша Ыстанбұлда қабылданатын шешімдер бауырлас мемлекеттердің көпқырлы ынқтымақтастығын жандандыруға елеулі ықпал етуі тиіс» деген Нұрсұлтан Назарбаев бұл кезеңді түркі әлемінің дамуындағы жаңа кезең деп атады.

«Құрметті Мемлекет және Үкімет басшылары! Бүгін түркі әлемінің даму тарихында жаңа дәуір басталғалы отыр. Бұл ретте менің пікірімше, осы басқосудан бірнеше месседж жолдауға болады. Біріншісі, бауырлас халықтарымызға бағытталған. Біз олардың назарын түркі өркениетінің әлемдік тарихта көп ғасырдан соң алғаш рет қайта жаңғырып жатқанына аударып отырмыз. Түркі елдері бірігіп, жаңа күн тәртібі мен идеологиясын қалыптастыруда. Сонымен бірге мемлекеттеріміздің, ата-бабаларымыздың ортақ тарихын, рухани мұрасын қайта байыптау үдерістері жүріп жатыр. Басқаша айтқанда, ХХІ ғасырда түркі әлемі қайта жанданып, кең ауқымды әрі ежелгі түркі шаңырағына жататын елдердің өзара белсенді жақындасу үрдісі жүреді» деді Елбасы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 10 =