Туризмді дамыту маңызды

0 184

cf06ed764dfd4690dece6556916

Өткен аптаның соңында туризм саласында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында елордалық туристік ком­пания­лар, мейрамханалар, дәмханалар мен қонақ үйлер бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Өткен жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасына көрмені өткізу туралы ұсыныс жасадық. Олар бізді қолдап, соның арқасында көрме жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында өткен болатын. Оған 15-ке жуық жұмыс беруші тартылды. Ал биыл олардың саны 40-тан асады, бұл маңызды жайт» деді Туризм индустриясы Ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жүнісбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыруға ғана емес, сондай-ақ, осы сала мамандарын дәріптеуге негізделген. Аталған іс-шара елордада туристік саланы одан әрі кеңейтуге және «ЕХРО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін кадрлар даярлауға ықпал етеді.

«Көрменің мақсаты – туризм саласының мамандарын дәріптеу, туризм саласында, қызмет көрсетудің беделін көрсету. Меніңше, бұл өзекті мә­селе. Әсіресе, «Экспо-2017» қар­саңында, қызметтер мен қызмет көрсету салалары маңызды болып табылады. Жыл сайын бұл үрдісті арттыратын боламыз» деді Г.Жүнісбек.

Нұрислам Құспанғали

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =