ТУРИСТЕРГЕ ТАРТЫМДЫ ҚАЛА

0 120

Астананың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі соңғы жылдардағы өзгерістер туризм саласын шапшаң дамытуға мүмкіндік берді. Саяхатшылардың елорда­мызға деген қызығушылығы осы саланың жақсы көрсеткіштерімен дәлелденді.

Бұл саланың ең табысты түрі – іскерлік туризм. Мыңдаған адам Астанаға әртүрлі көрмеге, конференция мен семинарға қатысу үшін, яғни іскерлік мақсатпен келеді. Көптеген саяси-экономикалық, мәдени іс-шаралармен бірге, Астана күніне арналған бағдарламалар туристер үшін тартымды болып отыр. Астана күні қала брендіне айналып келеді. Туристердің елордаға, әсіресе, мереке қарсаңында көптеп келуі байқалады.

Астананың туристік бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында кәдесый өнімін және әлемнің озық тілдерінде таныстырылым материалдар мен жарнамалық-ақпараттық өнімді шығару жөніндегі жұмысы жалғасын табуда.

Алайда, туризм саласын өз деңгейінде дамытуда бірқатар кедергілерді жою керек болып отыр. Олар – қонақ үй және мейрамханалық қызмет сапасының төмендігі және қымбаттығы. Туризм саласындағы мамандардың даярлығы мен олардың біліктілігін жоғарылату да – туризм саласының күн тәртібіндегі мәселе. Осы ретте, ғылыми базаның жоқтығы да кері әсерін тигізбей қоймайды.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =