Туристерге қажетті QR-кодтар

0 15

Нұр-Сұлтанда туристік полицияның барлық бекеттерінде QR-кодтар мен брошюралар пайда болды.

Сондай-ақ, сайтта тақтайшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы кіруге болатын туристік нысандар көрсетілген. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп, барлық модульдік бекеттерде QR-кодтары бар тақтайшалар орнатуда. QR-кодта қаланың нысандары мен картасы туралы барлық қажетті ақпарат бар. Туристік полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – туристер мен қонақтарды қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпараттандыру, халық көп жиналатын мәдени нысандары мен көрікті жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 1 =