ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0 60

Халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын жақсарту, әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз етуде «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қарапайым азаматтарды жан-жақты ақпараттандыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында №11 сайлау округіне қарасты Ильинка елді мекенінде тұрғындармен кездесу өтті. 

Шараға «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ахметов, №11 округ бойынша қа­лалық мәслихат депута­ты М.Шекенов, Есіл ау­да­нының әкімі С. Мұс­та­фина қатысты. Сонымен қатар, қалалық басқармалар мен «Астана су арнасы», «Астана Тазарту», «Астана АЭЖ» кәсіп­орын­дарының өкілдері тұрғындардың қордаланып қалған сауалдарына жауап беріп, мәселелер шешімін нақтылады. Ал, Есіл аудан­дық прокуратурасы мен ІІБ-ның ресми өкілдері заң­дық тұрғыдан құқықтық кеңес берді.

Азаматтардың түйткілді сұрақтарының оң шешімі мен олардың құзыретті органдарға қол жетімдігін қамтамасыз ететін қо­ғам­дық қабылдау жұмысын Ильинка тұрғындары оң қабылдады.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =