Тұрғындарға тиімді қызмет

0 145

Қағаздар электрондық нұсқаға ауыса бастағалы жұртшылықтың қолы жеңілдеп, уақыты үнемделген жайы бар. Бүгінде елордалық әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтердің 19-ы автоматтандырылған. Күнделікті өмірімізге дендеп еніп жатқан электрондық қызметтердің артықшылығы, тиімділігі неде? Оны қалай қолдануға болады?

Ыңғайлы әрі қолжетімді
Бүгінде үйіңізде оты­рып-ақ «электрондық үкі­мет» ар­қылы мекенжай анық­та­ма­сын, жылжымайтын мү­ліктің бар-жоқтығы жөнінде, зей­нетақы аударымдары туралы анықтамаларды алып, жеке кәсіпкерлікті, некеге тұру туралы өтінішті беруге және тұрғын үй мен балабақ­ша кезегі қалай жылжып жат­қанын білуге болады. Ол үшін қолыңызда электрон­дық цифр­лық қол­таңба болуы керек. Мұны халыққа қыз­мет көрсету орта­лық­та­ры­нан немесе элек­трон­дық үкімет сайтын­дағы «ЭЦҚ» айдарын ашып, сұ­раныс жіберу арқылы алуға болады. Осы қолтаңбаны жеке компьютеріңізге немесе өзі­ңізде жүретін флеш-кар­таға сақтап қоюыңыз керек. Кейін қандай да бір анықтама қажет болған кезде egov.kz сайтына кіріп, сандық қолтаңбаңызды қою арқылы тиісті құжатты әп-сәтте қолға тигізуге болады. ЭЦҚ бір жылға ғана жарамды, қолтаңбаңызды жылына бір рет ауыстырып отыруыңыз керек.
Жұртшылыққа қажетті қыз­­меттердің көпшілігі элек­трондық нұсқаға көшкеніне қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ке­зек әлі күнге азаяр емес. Кезегін күтіп сарылып отырған адамдардың сөзі­нен түйгеніміз, көпшілігі элек­трон­дық қызметті қол­да­нуды қиын­сынатынын айт­ты. Яғни, тұрғындар әлі күнге құжаттарды электронды нұсқада алуға жатырқай қарайды. Астана қаласы әкім­дігінің Мемлекеттік қыз­меттер көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы Руслан Бешеев бізбен әңгімесінде: «Халық техникамен тіл та­быс­қаннан гөрі, тиісті жерге өз аяғымен барғанды жөн көреді. Шынтуайтында, халыққа қызмет көрсету орта­лығындағы мамандар да сұратқан құжаттарды элек­трондық үкіметтің сай­тына сұраныс жіберу ар­қылы алады. Ал, бұл әркім үйінде отырып-ақ пайдалана­тын қызмет. Ол үшін әуреленіп, кезекке тұрып, уақытты жоғал­тудың қажеті жоқ. Тұр­ғындар әзірше электронды қызметтің қызығына түсе алмай жатыр. Мүмкін, олар электрондық қызметтің түр­лері туралы ақпаратпен жете таныс та емес шығар. Бірақ түптің түбінде бәрі жаппай осы заманауи жүйеге көше­тініне сенемін» дейді.
Мемлекеттік қызметтердің электрондық үлгіге көшуі – билік пен халықтың арасын жақындатудың, әкімшілік кедергілерді жоюдың және сы­байлас жемқорлыққа қар­сы тұрудың бірден-бір тәсілі. Мем­лекеттік қызмет­тің сапасы жақсарса, қоғам да ал­ға басады. Демек, сапаның жақсаруына, еліміздің өрке­ниетке жетуіне әр азамат үлес қосуы тиіс.

Қажетті ақпарат алаңы
Астана қаласына арналған жеке электрондық қызмет порталы (e.astana.kz) бар. Осыдан екі жыл бұрын іске қосыл­ған е-әкімдік арқылы 19 мем­лекеттік қызметті элек­трондық үлгіде алуға болады. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік қызметтер көр­сету сапасының сақта­луын бақылау жөніндегі бө­лі­мінің басшысы Руслан Бешеевтің айтуынша, е-әкім­дікте астаналықтарға қажет қызмет түрін барынша қамту жоспарланған. Қазір­дің өзінде бұл порталдан тұрғындарға аса қажет мәліметтерді табуға болады. Мысалы, Астанадағы жолаушылар көлігінің бағыт-бағдарын, қай кезде, қайда келетінін бақылап оты­руға мүмкіндік беретін maps.astana.kz жобасының өзі неге тұрады? Қажетті авто­бус­тың қайда келе жатқанын білу үшін міндетті түрде ком­пью­терді қосудың қажеті жоқ. «Астананың жол карта­сын» андроиды бар ұялы теле­фондарға «Google Play» арқы­лы жүктеп алуға болады.
Сондай-ақ, электрондық әкімдіктің аясында Астана қаласы бойынша жұмысқа орна­ластыру порталы да (job.astana.kz) іске қосылды. Жұ­мыс іздеуші қажетті маман­дық бойынша бос орын­дармен танысып, өз түйін­демесін тиісті мекемеге жібере алады. Бүгінде елор­даның жұмысқа орналастыру порталына 4 мыңнан астам адам тіркелген екен. Былтыр жұ­мысқа орналастыру пор­талын 100 мыңнан астам адам қолданған.
Электрондық қызмет дегенде қалада орнатылған ақ­­­па­­­рат­­тық киоскілер тура­лы айтпай кетуге болмас. Бү­­гінде елорданың 30-ға жуық нүктесінде, атап айтқан­да, ойын-сауық орталық­та­­рында, аудандық әкім­дік­те­рі де, теміржол вок­залы мен сапаржайда осын­дай үлкен интерактивті тақта орна­тыл­ған. Осында жұртшылық қала әкіміне сұрақ қоя алады, жедел қыз­меттерге телефон соға алады, қаланың жа­ңа­­лық­тарымен т­анысады. Қыс­­қасы, электрондық әкім­дік аясындағы барлық қыз­­мет­терді осы ақпараттық киос­кіден ала алады.
Биыл жылдың аяғына дейін веб-портал тағы бір ке­­ректі қызметті іске қосқа­лы отыр. Онда елордадағы тұр­ғын үйлер туралы мәлі­мет ен­г­ізілетін болады. Яғ­ни, әр ас­таналық үйінен шық­пай-ақ, портал арқылы өзі тұ­­ра­тын үйдің жағдайы, оған жүр­­гізілетін ағымдағы жә­не күрделі жөндеу жұ­мыс­­­та­рымен танысып, үй­дің құ­­жа­тын, қашан салын­­ға­­нын, ысырылуға қа­шан жібе­­рілетіні туралы мәлімет­тер­ді көре алады. Ол үшін жер­гілікті веб-порталға тір­келсе болғаны.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 11 =