Тұрғындарға тиімді болмақ

0 23

Үйлерді күрделі жөндеуден өткізу тұрғындар үшін өте тиімді болып отыр. Бұл пәтер иелері кооперативінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделетінін, 130-дан астам лифтіні жөндеу және ауыстыру басталғанын жазды.

«БҰҰ даму бағдарламасының аясында көппәтерлі бес тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуінде жөндеу аяқталды. БҰҰ ДБ жұмыстарын қандай да бір төлемсіз жүзеге асырады. Пилоттық жобамен Пушкин-Жұбанов көшелерінің қиылысында орналасқан үйлер жөнделуде.
Осылайша, үйді жылыту, қасбетін жөндеу, терезе, есіктерді ауыстыру, LED-жарықтандыру, кіреберістерді жөндеу, жылыту жүйелерінің құбырын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, автоматтандырылған жылу пункттері орнатылады.
Бұл жұмыстар үйдің жылу шығынын едәуір азайтады. Тұрғындар үшін жылудың орташа жылдық шығыны шамамен 2 есе азаяды. Өйткені сыртқы ауа датчиктерінің арқасында автоматтандырылған жылу пункттері ауа райына байланысты реттеліп отырады. Ал тұрғындар пайдаланылған жылу энергиясының ауқымына байланысты төлейді. Сонымен қатар, жүргізілген жөндеу жұмыстары тұрғындарға қызмет көрсететін ұйымның шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүргіземіз. Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді, 130-дан астам лифтіні жөндеу және ауыстыру басталды. Бұл жұмыстар тұрғындар үшін тиімді болмақ» деп нақтылап жазды өз парақшасында қала әкімі Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + three =