«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғындарға – тегін ем

0 103

Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры медициналық мекемелерге тұр­ғындарға көрсеткен қызметтері үшін 62,1 млрд теңге төледі.

Бұл сома – кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жалпы құны 86,6 млрд теңгеге бекітілген келісімшарттар сомасының шамамен 72 пайызы.
Қазіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық филиа­лымен келісімшарт жасасқан 82 мекеме бар. Олар мынадай қызметтер көрсетеді: стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, кон­сультативті-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызмет. Бұның ішіндегі 46 медициналық ұйым – жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік емханалардың саны тағы 10-ға артты. Ал үш жекеменшік медициналық ұйыммен келісімшарт бұзылды.
«ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Каб­дықапаровтың айтуынша, меди­циналық ұйымдарға ақы төлеу кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын төлеуге жеткілікті. Қор апта сайын стационарлық және стационар алмас­тырушы медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметтерінің сапасына электронды басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізеді. Бұл халық арасында сұранысқа ие медициналық қызмет түрін анықтауға да мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды