ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮНДЕДІ

0 135

уборка аула

Жәнібек Тархан көшесіндегі №9 үйдің ауласында «Таза аула, таза кіреберіс» атты акция өтті.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабы осы шараны жыл сайын ұйымдастырып тұрады. Былтыр Кенесары көшесіндегі «Каминный» тұрғын үй кешені аумағы тазаланса, биыл қала тұрғындарының өтініші бойынша акция өткізу орны болып осы мекенжай таңдалыпты.

Тұрғындарды тазалық сақ­тауға шақыру мақсатында ұйым­дастырылған бұл акция жұмысына «Жасыл ел» жа­сағының қырыққа жуық белсендісі қызу кірісіп, аула­ның техникалық және санитарлық жағдайын жақ­сартуға бар күш-жігерін салды. «Көпшілік тұрғындар үйлеріне кіріп-шығуды ғана біліп, ауланың жағдайына назар аударуды ұмыт қалдырып жатады. Сондықтан, бұл шара оларға үлгі болады деген ойдамыз» дейді аталған штаб төрағасының орынбасары Мереке Пошанов.
Акция барысында он алты түп ағаш әктеліп, түбі қоп­сы­тылды. 1,3 гектар арамшөп жұ­лын­ды. Сонымен бірге, 700 метр­дей жол жиегі ағар­тылып, ауладағы қоқыс жиналды.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =