ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРМАУҒА ТЫРЫСАМЫН

0 82

Қайрат ЖАУХАНОВ, Астана қаласы мәслихатының депутаты:

Елбасы тапсырмаларын басшылыққа ала отырып,­ тұрғындардың өтінішіне құлақ асып қана қоймай, оларды орындап­ жүрген депутаттар жетерлік. Солардың бірі  – «Астана»­ Халықаралық әуежайы» АҚ президенті, қалалық мәслихаттың депутаты­  Қайрат Кеңесбекұлы Жаухановты­ әңгімеге тартқан едік.

– Қайрат Кеңесбекұлы, сайлау­шы­ла­­ры­ңызбен қоғамдық қабыл­дау­ларды дәстүрлі түрде өткізіп жүр­­ге­ніңіз­ді білеміз. Сонда қа­был­­дауы­­ңыз­ға келушілерді нен­дей­­ мә­селелер мазалайды?
– Өткен жылы қоғамдық қабыл­дауы­мызға жүзден астам тұрғыннан өтініш келіп түсті. Бұлардың арасын­да­ ұжымдық өтініштер де болды. Олар­дың көбі тұрғын үй, жұмыспен қамту, балабақша мәселелері бойын­ша көмек сұрап, өтініш білдіріп келе­ді. Сонымен бірге тұрғын үй­­-ком­­му­­налдық шаруашылық мәсе­­ле­­лері бойынша және саяжай тұрғындарына қатысты шеші­мін күткен шаруа да шаш-етек­тен.­ Тұр­ғын­дар тілегін шамам келгенше аяқсыз қал­дыр­мау­ға тырысамын.

Мәселен, Пригородный елді меке­­­нін­­дегі балабақшаға кір жуа­тын­ орын салып бердік және бала­лар­ алаңын абаттандырдық. Ал, саяжай алабының тұрғындарына бақ­ша­ла­рын суғаратын насостарын жөн­деп бердік. Соның нәтижесінде көп адам мол өнімге ие болды. Осы маң­­да­ғы кейбір ағаштардың ұшарын кестік. Пригородный, Заречный және Тельман тұрғын алаптарында­ жолдар­ жөн­делді. Сондай-ақ, 19-сайлау округінде орналасқан «Мейі­рім­ді­лік – М» қайырымдылық қоры­на үнемі көмек көр­сетіп келеміз.

– Сайлаушыларыңыздың жұ­мыс­­­пен қамтылуына да қол­ұшын­ беріп отырады екенсіз. Жал­пы, қанша адам жұмысқа ор­на­ласты?
– Иә, бұл мәселе де үнемі назарым­да.­ Осы уақыт ішінде 20-дан ас­там­ адам елорданың әуежайына жұмыс­қа­ орналасты.

– Сіз сондай-ақ «250 орындық ба­лалар жұқпалы аурулар ау­руха­на­сы­ның құрылысы» партиялық пос­ты­ның жетекшісісіз. Осы бағыт­та қандай жұмыстар жүр­гі­зі­ліп жатыр?
– Бұл нысанның құрылыс жұмыс­та­ры 2008 жылы басталған болатын. Өкінішке қарай, ол әлі пайдалануға берілген жоқ. «Нұр Отан» ХДП тарапынан жүргізілген тексерістен кейін нысанның жұмысы бақылауға алынды. Соның нәтижесінде атал­мыш нысанның құрылыс жұ­мыс­­та­­ры биыл үшінші тоқ­са­н­да аяқта­ла­тын­ болды.

– Елбасы «Қазақ­стан­-2050» Стра­тегиясы: қа­лып­­тас­­қан мем­ле­кет­тің жаңа сая­­си­ ба­­ғы­­ты» атты Жолдауында 2025 жыл­дан­ бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне кө­ші­ру­­­ге кірісуіміз керектігін ба­са айтқан болатын. Бұл туралы пі­кі­рі­ңіз қандай?
– Өз басым латын алфавитіне көшу қазақ тілінің мәртебесін өсіреді деп ойлаймын. Елбасы айтқандай, біз қазақ тілін жаңғыртуға тиіспіз. Мемлекеттік тіл Қазақстанда тұра­тын­ бар­лық халықтарды бірік­ті­ре­тін­ болады. Бұл ретте біз тіл сая­­са­тын сауатты және дәйекті, бүкіл қазақстандықтар сөйлесетін бір­де-бір тілге қысым жасамай жүр­гі­­зуі­міз керек.
Біздің елімізде мемлекет тарапынан қазақ тілінің позициясын нығайту мақсатында көп жұмыс ат­қарылып келеді. Бұл ретте мем­ле­кеттік тілді кеңінен қолдану жө­нін­дегі кешенді шараларды жүзеге асыру жалғасуда. Ұлт болып шешуге тиісті осы бір принципті мәселе біздің балаларымыздың болашағы үшін көтеріліп отыр. Себебі, осылайша біз әлеммен бірге түсуге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ал ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызамыз.

«Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып­ дамыту. Біз ұрпақтарымызға баба­ла­ры­мыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйле­сім­ді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіс­піз.­ Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деді Мемлекет басшысы.

2025 жылға қарай қазақ­стан­дық­тар­дың 95 пайызы қазақ тілін білетін болады. Бұл үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Ендігі жерде әрбір қазақ өзінің ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз Ата Заңымыздағы мәр­­те­бе­сіне­ лайық орнын иеленеді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 4 =