Тұрғындар пікірі маңызды

0 40

Биыл елордада 150-ге жуық аула абаттандырылады. Олардың кейбірі 10 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Қала әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы сондай бір ауладағы жұмыс барысымен танысты.Шағын ауданындағы 50-ден астам тұрғын үйде 14 мыңға жуық адам тұрады. Мұндағы барлық аула абаттандырылады. Бұл – 16 аула. Қазіргі таңда нөсер су кәріздерін салу қолға алынған. Алтай Көлгінов жұмыс сапасының маңызын атап өтті.
– Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Ол үшін биыл барлық аудандарда «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Қай ауланы абаттандыру керек екенін және ойын алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өзі шешеді. Ең алдымен жұмыс тиісті деңгейде орындалуы тиіс. Біз сапасы төмен жұмысты қабылдамаймыз. Аудандарды көгалдандыруға ерекше назар аудару қажет. Биыл қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызылады, – деді А.Көлгінов.
Осы жылы елордада 50-ге жуық қоғамдық орын, соның ішінде сая­бақтар, алаңдар және басқа да көпшілік орындар абаттандырылатынын айта кетейік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − four =