«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғындар өтініші назардан тыс қалмайды

0 73

Нұр-Сұлтан қаласында елорда әкімі, «Amanat» партиясы қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгіновтің қатысуымен Саяси кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде 2022 жылғы 26 сәуірде болатын партияның кезектен тыс XXIII құрылтайына Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан 31 делегатты сайлау туралы мәселе қаралды.

саяси кеңес 01

Сонымен қатар партияның қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов Саяси кеңес мүшелерін партия төрағасының кезектен тыс XXII құрылтайда берген тапсырмасы аясында елордада жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша хабардар етті. Қоғамдық кеңестердің қызметін оңтайландыру мақсатында жекелеген қоғамдық кеңестер біріктіріліп, олардың саны 11-ден 9-ға дейін азайған. Биыл Қоғамдық кеңестердің 13 отырысы өткізіліп, онда 38 мәселе, оның ішінде партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 4 мәселе қаралды.

Партия филиалының қоғамдық қабылдауы да жаңа форматта жұмыс істей бастады. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Өндіріс», «Көктал-2», «Оңтүстік-шығыс», «Кирпичный», «Пригородный», «Тельман» тұрғын алаптарында 6 мобильдік қоғамдық қабылдау өткізілді. Жалпы жыл басынан бері елорданың 1,4 мыңға жуық тұрғыны филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдірген. Соның 48 пайызы оң шешімін тапты, 46 пайызы бойынша түсініктеме берілді және 6 пайызы бойынша жұмыс атқарылуда.

Қалалық мәслихаттағы «Amanat» депутаттық фракция­сының жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрбір депутатқа бақылау жасау үшін қаланың тұрғын алаптары және сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасының тармақтары бекітілген. Депутаттар қала тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізуде. Партияны трансформациялау шеңберінде жиналған партиялық жарналардың 20 пайызы партиялық іс-шараларды өткізу, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін бастауыш партия ұйымдарына қайтарылады. Құрылтай барысында «Adal» саяси партиясының «Amanat» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды