Тұрғын-Жайымыз қайта түледi

0 84

Қала әкiмдiгiнде тұрғын үйлердегi энергияны үнемдеу тақырыбында семинар өттi.
Үнемдiлiкке үгiттейтiн жиынды ұйымдастырған – Астана қаласының әкiмдiгi мен «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашы лықты жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысын пысықтау, көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жүргiзудiң тәжiрибесi мен ортақ мүлiктi бiрлесiп басқару және тұрғын үй құрылысына энергия үнемдеу технологияларын енгiзу туралы хабарлау мақсатындағы шараға жергiлiктi атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердiң өкiлдерi және ПИК төрағалары шақырылды. Астана әкiмiнiң орынбасары В.Крыловтың айтуынша, былтыр елордада 9 көпқабатты үйге, ағымдағы жылы 3 үйге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Биыл ТКШ жаң-ғырту бағдарламасы шеңберiнде тағы 8 үй күрделi жөндеуден өтпек. Тағы 15 үй ағымдағы жөндеудiң негiзiнде жаңартылады. «Жөндеу кезiнде көпқа-батты тұрғын үйлерге энергияны үнемдеуге мүмкiндiк беретiн жаңа технологиялар енгiзу – басты мәселе. Ол жарық пен жылуды үнемдеп қана қоймай, пәтер иелерiнiң коммуналдық төлемдерге ақшасын аз жұмсап, әлеуметтiк дамуына жағдай жасайды», – дедi В.Крылов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + three =