Тұрғын үйлер қалай жөнделіп жатыр?

0 15

Кеше «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлері «Нұрлы жер-2025» бағдарламасы аясында елордада жөнделіп жатқан үйлерді тексерді. Жөндеу жұмыстарымен аталмыш бағдарлама операторы «Өркен қала» ЖШС өкілдері таныстырды.

Бас қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 600 млн теңге шамасында қаржы бөлінді. Бағдарлама шеңберінде 19 тұрғын үй жаңғыртылады. Мердігерлер атқарылатын жұмыстарға үш жылға кепілдік беріп отыр.
Тексерілген алғашқы нысан «Самал» шағын ауданында орналасқан №5 үй. Мұнда лифт жабдықтарын ауыстыру жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда аталмыш шағын ауданда жеті лифт қондырғыларын ауыстыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар қыркүйек айының ортасында басталды. Оларды аяқтау мерзімі желтоқсан айына қойылған. Қажетті жаңа жабдықтар сатып алынып, қоймаларда тұр.
Ал Н.Тілендиев, 36 мекенжайында инженерлік желілер ауыстырылып жатыр. Бұл тұрғын үй әзірге автономды жылыту жүйесіне қосылған. Желілер ауыстырылған соң, үйді орталық жылу жүйесіне қосады. Кесте бойынша жұмыс қараша айының аяғында аяқталуы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 10 =