Тұрғын үйде – ұлы ойшыл бейнесі

0 47

Биыл – әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қала әкімдігімен бірлесіп ұлы философтың академик Қаныш Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына бейнесі салынды.

Бұл муралға кемеңгер тұлғаның «Қайырымды қала тұрғындары» трактатындағы адамдарды мейірімділікке, әдептілікке және әділеттілікке шақырған нақыл сөзі жазылды. Осы жобаны жүзеге асыруға эскиз авторлары Али Закир, Ержан Танаев, бейнесін салған жас суретшілер орталығының резиденттері Бекболат Мұратбекұлы мен Болд Дәулет, куратор Кристина Бекмурзаева зор үлес қосты.
Айтпақшы, «Адалдық алаңы» жобасы аясында рухани құндылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау барысында бас шаһар көшелеріне, аялдамаларға, әуежайға әл-Фараби, Абай, Шоқан бабаларымыздан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы секілді тұғырлы тұлғалардың нақыл сөздері жазылған билбордтар орнатылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =