ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 90

Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының біріккен отырысын өткізді. Онда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке қою, есептен шығару, кезекті сақтау, қалпына келтіру және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар барысы талқыланды. 

45345

Бүгінгі күні Астана қаласы тұрғын үй басқармасында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін есепке алынған азаматтар саны 45 516 адамды құрайды. Оның ішінде, мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушылары, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер, басқа бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметкерлер бар. Одан басқа иелігіндегі баспанасы апатты болып танылған азаматтардың саны – 88 адам. 2017 жылдың сәуір айында кезекке сәйкес 260 пәтер берілді. 4 ҰОС ардагері, 49 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал топтарына жататын 137 отбасы, 70 мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер қамтамасыз етілген.

Біріккен тұрақты комиссиялардың келесі бөлігінде Астана қаласы мәслихатының он тоғызыншы кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынылатын мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Астана қаласының 2016 жылға арналған бюджетінің орындалуы есебін бекіту туралы Қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаев баяндама жасады. Сонымен бірге Астана қаласы Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш депутаттар алдында есеп беріп, өз саласы бойынша жұмыс барысына талдау жасады. Тұрақты комиссиялар отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − five =