«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғын үй тұрақты бақылауда

0 183

Қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

4fbaed7bb8ee7b2581d42158fe72424a

Отырыс барысында «ИСК АСИ» ЖШС басшысы С. В. Котляровтың «Шы­ғыс», «Жағалау-3» және «Жаға­лау-4» тұрғын үй кешендерінің құры­лы­сын аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыстары туралы өтініші назарға алын­­ды.
«Жағалау-3» ТК 30-секция №3 блогында әрлеу жұмыстары аяқталды. Енді 15 қыркүйекке дейін бөлмеаралық есіктер монтаждалып, есептегіш құралдары, санфаянс пен жылу торабы орнатылады. Нысан 2016 жылдың 25 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
Ал секцияның №5 блогында қасбетті және төбені жөндеу жұмыстары бітіп, витраждарға шыны қойылып жатыр. Таза әрлеу жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтау көзделген. Нысан 2016 жылдың 30 қазанында тапсырылады.
«Стройкласс» ЖШС өкілі 1 қарашаға дейін «Алтын босаға» тұрғын үй кешеніндегі құрылысты аяқтау және жер учаскелерінің иелеріне өтемақы төлеу мәселесін шешу бойынша қаулы алуға құжаттар әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Комиссия мүшелері бүгінде «Светлый» ТК салынатын жер учаскелерін рәсімдеу жөніндегі мәселелердің шешілмегенін атап өтті.
«Арыстан» ТК («НМ Астана Құ­рылыс» ЖШС) қатысты жұмыс өндірісінің кестесі мен қаржыландыру көздері көрсетілген іс-шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды.
«Зере-1» , «Зере-2» ТК құрылысы да талқыланды. «КазГазАстана» ЖШС директоры инвесторларға құрылысты аяқтауға арналған ақша қаражатының түскенін растайтын құжаттарды көрсет­пей, ВАК ұсыныстарын орындамаған.
Салушысы «Номад Строй ЭК» ЖШС болып табылатын «Есіл-2» ТК бойынша «Есіл-2» ТК ТҚК жер учас­келерін қайта рәсімдеу бойынша ВАК ұсыныстары орындалған жоқ. Сонымен қатар, 188-көшедегі және «Есіл-1» тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмеген. Құрылыс жүргізуге дайындау үшін Сәулет және қала құрылысы бас­қармасына құжаттама толық көлемде тапсырылмаған.
Комиссия ТҚК өкілдеріне «Есіл-2» ТК және «Фьючи Хом» ТК сатылған және бос аудандар туралы ақпаратты ұсынуға кеңес берді. «Есіл-1» ТК қатысты 5 қыркүйекке дейін «Астана су арнасы» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жою тапсырылды.
Мұнымен қоса, комиссия мүше­лері «Жастар-4» ТК салушысы «Бақыт-11» ЖШС директорының ағымдағы жылдың 31 тамызында 100 млн теңге мөлшерінде несие займының бірінші траншының келіп түскені туралы өтінішін қабылдады, мұны растайтын құжаттарды Астана қаласының ІІД ұсыну қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды