Тұрғын үй сапасына баса мән беру керек

0 12

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Бейсекова, Бөкейхан және т. б. көшелерде салынып жатқан тұрғын үй кешендерін аралады. Ол қолжетімді үй тұрғызуда заң бұзушылық деректердің барын айтып, үй салушыларға қатаң ескерту жасады.– Қолжетімді баспана тұрғызу – басымдық берілген міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды. Қолжетімді баспана бірінші кезекте жеңілдікпен пәтер алуға кезекке тұрған азаматтарға беріледі. Сіздер үйлерді сапалы етіп салуларыңыз керек. Кезекте тұрғандарға кілттерді тапсырғанда барлығы дайын болуы тиіс. Ал бізде кемшіліктер бар. Бір нысанда құрылыс жұмыс­тары баяу жүрсе, екіншісінде техникалық, авторлық қадағалау мамандарының пікірі ескерілмей жатады. Бірнеше жылдан соң түсіп қалатын плиталарды не үшін қолданасыз­дар? Сапалы үй сала алмайтындар бұл іспен айналыспауы қажет. Ал үй салуды бастағандар жауапкершілік танытып, тиісті деңгейде аяқтауға міндетті, – деді әкім құрылысшыларға.

Құрылыс компанияларына барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда шарт бұзылады. Жаңа тұрғын үй кешендері барлық жағынан ыңғайлы болуы керек. Олардың бірінші қабатында емхана, оңалту орталықтары, балаларға арналған шағын үйір­мелер, полиция бекеті сияқты әлеуметтік нысандар орналасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =