ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНЫҢ ТҰРМЫСЫ ТҮЗЕЛЕДІ

0 152

ERA_9804

Астанада қалалық мәслихаттың депутаттары қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынды қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Бүгінде қалада құрылыс жұ­мыстары мен орталықты абаттандыру жұмыстарынан басқа, шет аймақтарды дамыту қолға алынған. Осы мақсатта 2010 жылы Астана қаласының шет аймақтарын дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Құжат бойынша жолдар мен инженерлік желілерді салу, сонымен қатар, тұрғын алаптарында адамдарға қолайлы жағдай жасау қарастырылған.

Осы мақсатта, 150 мыңға жуық халық тұратын жиырма тұрғын алап жөнделеді. «Бүгінгі таңда 232 км жол салынды. 2011-2013 жылдары он бес тұрғын алапта тиісті жұмыстар қарқынды жүргізіліп, 65,3 км жол мен 136 км инженерлік желі жаңадан салынған болатын. Бес тұрғын үй алабында жұмыстар толығымен аяқталды» дейді Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

Сонымен қатар, Астанада 2020 жылға дейін Оңтүстік-Шығыс ау­да­ны­ның инфрақұрылымын жаб­дықтау көзделіп отыр. Бұл туралы Астана қаласы коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагин айтты.

«Қазір 600 тұрғын үй толықтай коммуналдық желілермен қамта­ма­сыз етілді. 2011-2012 жылдары Астананың шеткері аймақтарын дамыту тұжырымдамасы аясында Комсомольский, Қараөткел, Заречный аудандарында жұмыс жүргізілді» деді ол.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =