Тұрғын алаптардың тынысы қалай?

0 20

Алматы ауданында барлығы жалпы ауданы 1400 гектарды құрайтын, 130 мыңнан астам халқы бар 6 тұрғын алап орналасқан. Бұл – «Оңтүстік-шығыс», «Интернациональный», «Мичурин», «Күйгенжар», «Промышленный» және «Железнодорожный».

«Оңтүстік-шығыс» тұрғын алабында барлығы 119 көше бар. Соның 20-сы немесе 8,1 шақырымы асфальтталмаған. Аудан әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірге жалпы ұзындығы 2160 метрді құрайтын 10 көшеде (С.Нұрмағамбетов, Қобыз, Ақтоған, Бозшолақ, Сарыағаш, Мерей, Жаңаөзен, Керуен, Масаты, Майдақоңыр) құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Үш көше (Қозыбасы көшесінде, Бурабай көшесінен Жанарыс көшесіне дейін және Дегерес тұйық көшесінде, «Сарытау» тұрғын үй кешені бойында) мен көлік қоятын орындарға инертті материал төселді. Жалпы ұзындығы 4788 метрді құрайтын 8 көшеге қосымша инертті материалды төсеу керек. Осы уақытта тиісті учаскелерді тегістеу жүргізілді.
Б. Момышұлы, 12 және К. Сәтбаев
31 мекенжайларындағы екі аула кешенді абаттандырылып, 7 аулада жөндеу-қалпына жұмыстары жүргізілді. Бұған қосымша биыл Абылай хан даңғылында, Б.Момышыұлы көшесінен Бурабай көшесіне дейін қоғамдық кеңістік салынды.
«Оңтүстік-шығыстағы» 6 көшеге газдандыру желісін тарту мен 5 көшеге (Ақарыс, Жайық, Ертіс, Есіл, Бұқтырма) бұл желіні қайта тарту жұмыстары аяқталды.
Айнакөл-Сарыкөл, Бурабай-Айнакөл, Қ.Сәтбаев-Талғар және Майқайың-
Дауылпаз көшелерінің қиылысында
4 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. «Арыстан» және «Әулиет» тұрғын үй кешендері құрылысын аяқтау жүргізілуде. Бұған қоса, биыл Майқайың көшесінде 1200 орындық орта пайдалануға берілді.
«Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» тұрғын алаптарындағы 47 көшенің жалпы ұзындығы 10,87 шақырымды құрайтын 27 көшеге асфальт төсеу керек. Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Интернациональный тұрғын алабында жолдар мен инженерлік желілерді салу мен қайта құру» жобасы іске асырылып жатыр. Биыл Армандастар көшесі бойынша жұмыстарды бастау жоспарланды. Осы көшеде кешенді абаттандыру жұмыстары жасалды. Ашутас көшесінде жол салу басталды.
«Интернациональный», «Мичурин», «Күйгенжар» тұрғын алаптарында газдандыру желілерін тарту жұмыс­тары 90 пайызға аяқталды. 8 көшеде бос дәліздер бойынша Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалалық Құрылыс басқармасы «Интернациональный» тұрғын алабындағы №44 орта мектепке 600 орынға арналған жапсаржай салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледі. Аталмыш басқарма бұл тұрғын алапта 150 орынға лайықталған емхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде.
«Промышленный» тұрғын алабында 20700 адам тұрады. Бұл аумақта 9 көппәтерлі тұрғын үй мен 2082 жер үй орналасқан. Тұрғын алапта екі орта білім беру орны – №57 орта мектеп пен №13 орта мектеп, 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.
Атамұра, Наурызбай көшелері мен №1, №2 тұйық көшелер салынды. 5 қыркүйек күні А.Байтұрсынов, 53/1 («Астана Сани» тұрғын үй кешені) және А91 көшесі, 14 («Шерқала» тұрғын үй кешені) маңайында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ақтасты, 12 мекенжайы мен Игишев көшесінде 4 жарықтандыру бағаны орнатылды.
«Промышленый» тұрғын алабында 8-іске қосу кешені аясында газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. «Көгілдір отынды» жіберу биылғы қараша айына жоспарланды. 985 абоненттің 150-іне техникалық шарттар берілді. 51 абонент газға қосылуға дайын.
Қазіргі таңда Марков, 2 мекенжайындағы апатты, ескі үйді сүрумен түйткіл туындап отыр. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бұл үйді сүрудің 2022 жылғы жоспарына қосуды қарастырып отыр. Шалкөде, 7 мекенжайындағы үйді сүріп, №13 орта мектепке жапсаржай салу керек. Бұл үшін аталған мекенжайдағы үйдің тұрғындарын көшіру жұмысы тездетіліп, жапсаржай салынатын жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін алу қажет.
«Железнодорожный» тұрғын алабында 10500 адам тұрады. Мұнда 12 көппәтерлі тұрғын үй, 654 жер үй, 4 білім беру нысаны (№29 мектеп, техникалық колледж, 2 балабақша), 3 денсаулық сақтау нысаны (№11 емхананың филиалы, Ковид орталық, тубдиспансер) бар.
Тұрғын алапта жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 19 көшенің 8-інде асфальт жоқ. Биыл екі көше асфальтталды. Сондай-ақ әл-Фараби көшесінен Ж.Жабаев көшесіне дейінгі аралықты кеңейту жүргізіліп жатыр. Керегетас көшесінде 21 жарықтандыру бағаны, 21 аспашам, Ақжар көшесінде қосымша 2 аспашам орнатылды.
«Железнодорожныйды» газдандыру жобасы толығымен 2020 жылы аяқталды. 654 абоненттің 254-іне техникалық шарттар беріліп, 84 абонент газға қосылды. Бұл тұрғын алапта қоғамдық көліктің қатынауы мен жолдар құрылысы бойынша проблемалар бар. Екібастұз көшесінде жол нашар болғандықтан, №15 бағдар аталған көшеге бармайды. Ол үшін бұл көшені жөндеу керек. Ақтасты, Ақжар, Ашысай, Иманақ, Орбұлақ, Екібастұз, Шалқар, Н.Төреқұлұлы көшелерін абаттандырудың кешенді жобасына қосу қажет.
Аталмыш елді мекендегі электрмен жабдықтау желілерінің 80 пайызы тозды. Жағдайды түзеу үшін «Қазбек» қосалқы стансасы құрылысын тездетіп, жаңа желілерді «Астана-РЭК» АҚ балансына беру керек. Бұған қоса, екі тарату желісі мен трансформатор желісін салу керек. Бұл жобаның құны – 4 млрд теңге.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − five =