ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ БАС ҚОСТЫ

0 71

Кеше Астана қалалық мәслихатының мәжіліс залында құрылыс, экология,­ көлік, сауда­ және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті.

Отырыста елорданың алда­ғы жылыту маусымына дай­ындығы пысықталып, қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы «Астана қала­сын­дағы көшеттерді күтіп ұстау және қорғау қағидалары туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Ильяс Алдажаров пен Болат­ Ахметов баяндама жасап,­ сұрақ­тарға жауап берді. Сондай-ақ, кейбір мәселелер жөнін­де жауапты тұлғаларға мәс­ли­хат хатшысы тарапынан сын-ескертпелер айтылып отырды. Барлығы өткеннен сабақ алуға уәде берісіп тарқасты.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =