Тұрағы жоқтар табысты

0 107

Елордада ерекше неке қию салтанаты болды. Астана қаласы бойынша белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының екі тұрғыны бас қосып, шаңырақ көтерді.

Өмірдің түрлі ауыртпалығын артқа тас­тап, көңіл жарастырған қос ғашық жаңа өмірге қадам басты. Заңды түрде неке жүзігін таққан Александр Тригубов пен Лариса Дедовец – екінші және үшінші топтағы мүгедектер. Олардың қуанышын бөлісуге достары мен ор­та­лық­ қызметкерлері арнайы келген.

– Бейімдеу орталығы негізінен 180 адамға лайықталған. Бірақ, мұнда ке­лу­ші­лердің са­нын есепке ала отырып, 230 адам­ды­ қа­был­­­дау­­ға­ мүмкіндік бар.­ Бү­гін­гі таңда мекеме­де 200­-дей адам тұрып жатыр. Азаматтар бей­ім­деу орталығын ереже бойынша бір жылға дей­ін ғана паналай алады. Ал сырттан, яғни, өзге өң­­ір­­ден келгендер бір айға дейін осында бо­ла­­ды. Астанаға еліміздің әр аймағынан ке­ліп,­ не жұмыс, не баспанаға қолы жет­пей,­ бей­ім­деу орталығына келген аз­а­мат­тарды қай­та­дан­ елі­не­ қай­та­руға көмектесеміз. Бү­гін­гі­ қу­а­ныш иелерін таныстырған әрі та­быс­тыр­ған мекемеде екеуі бір жылдан бері тұ­рып­ келеді, – дейді орталық директорының ор­ын­басары Айнұр Әркенова.

Бас қосқан мүгедек жандардың бар­лық­ құ­жа­­тын­ рәсімдеуге орталық қыз­мет­кер­ле­рі қол ұшын берген. Жас жұбайларға арнап жеке бөлме де қарастырылған. Ас­та­на қаласында тіркеуде тұрған Лариса Дедовец мүгедектік са­на­ты бойынша мем­ле­кет­тік тұрғын үй қо­ры­нан баспана алуға өтініші білдіріп, кезекке қойылған. Егер пәтері көп ұзамай берілетін болса, ме­ке­мемен қоштасып, жаңаша өмір бас­­­тай­­тындықтарын қуана жеткізді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + five =