Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұқымымызды тұздай құртайын деді ме?!

1 256

Газетіміздің 23 қаңтар күнгі №9 нөмірінде «Эко: соңғы үміттің саудасы» атты еліміздегі бедеу әйелдерді қолдан ұрықтандыру мәселелеріне қатысты мақала жарияланған еді. Баласыз үйді мазарға теңейтін қазақтың ұрпағына деген көзқарасы ерекше екені айтпаса да белгілі. Алайда бүгінгі экстракорпоральдық ұрықтандыру ғылымының даму барысында қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы, мың жылдық тәжірибесіндегі ұрпақ жалғастығына қайшы әрекеттер орын алып отырғанына куә болып жүрміз.

Рас, ұрпақсыз қалудың қасіретін тартып жүрген отбасылардың барын жоққа шығармаймыз. Солардың әлсіз үмітін оятқан жарнама көпбедеуеген бедеу әйелдерді беймәлім жолға тәуекел еткізіп отыр. Өкінішке қарай, оңды-солды тек коммерциялық мақсаттағы жарнамалар – нәрестенің дүкен сөресінде тұрғандай етіп жеткізуде. Тек уыстап ақша әкеліп сатып алу ғана қалғандай. Шындығында, жүз әйелдің отызына ғана, онда да бес-он рет айналып соққанда ғана тұқым байланатынын ескере бермейді, істің басында оны ескертпейді де. Қалған жетпісінің шатқаяқтап тұрған денсаулығы онсызда ем барысында түрлі гормонды дәрілерді қабылдаған соң дерті асқындыра түседі.
Ақырында, психологиялық жағынан да мүгедек болып қосағының да шыдамы таусылып, онсыз да қиюы кеткен отбасының шырқы бұзылып жатыр.
Бұрындары бедеу әйелдер туралы көп айта бермейтін, бәлесі жұғады деп олардың жақсылықтың ортасында жүргенін қаламайтын. Бұл да аз ауыртпалық емес. Әйелдердің сондай халін біле тұра, олардың нәзік сезімінде ойнауға қақымыз жоқ. Ғайыптан келген сүйіншідей ғалымның жетістігін де жоққа шығаруға болмас. Соңғы жылдары бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарынан жетіп жатқан жарнама бұл мәселеге басқаша көзқараспен қарауға себеп болуда.
Сонымен, жазылған жайдың жаңғырығына оралғанымыздың себебі редакциямызға келіп жатқан көптеген пікірлердің арасынан сексенге келген батыр ана Орынбасар Қуандыққызының «Тұқымымызды тұздай құртайын деді ме?» деген жанайқайы еді.
Көп жасаған қария, жалпы аты-жөні жоқ, беймәлім біреулердің ұрығын әйелдердің жатырына салып, тегі жоқ, төрі жоқ қазақтың тағы бір ұрпағының пайда болуына мүлдем қарсы. Ал аталық ұрықтарды шетелден алып келеді деген деректі тіпті қабылдай алмайды.
Репродуктивті медицина бағдарламасы енгізілгелі бері 12 000 сәбидің дүниеге келгенін ойлағанда, көпті көрген қарияның жанайқайын түсінгендей боласың.

Айгүл УАЙСОВА

  1. Оспан :

    Бүкіл ел болып, ұлт болып мән беретін, қарсы тұратын мәселеміз, міне, осы. Мақала қоғамда қатты талқылануға тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды