ТҰҢҒЫШТАР ТҰҒЫРЫ

0 405

Әр нәрсенің қайнар бұлағы бар. Содан соң өрістейді, қанат жаяды, кеңейеді. Алайда, сол нәрсенің түу басындағысы – алтын бастауы ұмытылмайды. «Тұңғыш» деген анықтауышпен тарих беттеріне таңбалана береді. Мәселен, адамзаттың бастауы – Адам ата мен Хауа ана. Олардың есімі заманалар санасынан жоғалмақ емес. Мейлі, Хауаның құлқын құмарлығынан күнәһарлыққа ұрынып, жұмақтан қуылса да. Сол Хауаның құрсағынан күллі адамзат өрбіді… Айтпақ бұл емес, Хауа секілді, қазақ әйелдерінің арасы­нан­ шыққан әр саланың тұңғыштары…

Дала күйшісі – Дина
Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш күйші – Дина Нұрпейісова. Ол­ 18­61­ жы­­лы­­ дү­­ние­­ге­­ кел­­ген. ­­Әк­е­­­­­сі­­­­ Кен­­­­же­­­­нің­­­­ дом­­­­бы­­­­ра­да тарт­қан­­­­ күй­­­­ле­­­­рі­­­не­ құ­мар болып, тоғыз жа­­­­сын­­­да­­­­-ақ­­ ау­­ы­­лын­­да­ «домбыра­шы­­­­­ қыз»­­ ат­­ан­­ды.­ Тұсауын кес­кен­ ұс­­­­та­­­­зы­­ Құр­­ман­­ға­­­­зы­­­дан­­ са­бақ­ ал­ған Ди­на­ Түр­кеш­тің,­­ Соқыр Ес­жан­­ның, Мүсірәлі мен Әлкейдің, Дәу­лет­ке­рей­дің күйлерін на­қы­­шы­­­на­ кел­­­ті­­ре­­ ор­­ын­­дай­тын бол­­­ған.­­ Ди­­­на­­­­ Нұр­­пей­­і­­со­­­ва­ның ор­­ын­­­­­дау­­­шы­­­лық­­­ өн­е­­рі­не қай­ран­ қал­ған композитор Ахмет Жұ­ба­нов:­ «Дина ұзын да сүйріктей сау­сақ­та­ры­мен­ дом­­бы­­ра­­ пер­­не­­сін­­де,­ са­ға­ла­ғын­да­ не­бір ал­­шақ­­­­ пер­не­лер ара­лық­та­рын­ еш­­бір­­ мүл­тік­­сіз алады. Сим­фо­ния­ са­­зын­­дай­ си­­­қыр­­­лы­ әу­ен ал­пыс­ екі­ та­­мы­­рың­­ды­ бойлата, шы­мыр­ла­та, бу­ыр­қа­на не­­бір­ әс­ер­ге тү­сі­ре­ді»­ де­­ген­ екен. Он­ үш құр­сақ­ кө­тер­ген­ күй­­­­ші­ тұр­мыс­тың­ ау­ыр­ тау­қы­метін де­ та­рт­­қан­­ кө­­рі­­не­­ді.­ Ұзын саны жи­­ыр­­ма­­ ал­ты­ күй шы­ғар­ған­­ Ди­на 1955­ жылы тоқсан төрт­ жа­­сын­­­да­ дү­ние­ден­ озды.

Ахаңды сүйсінткен Нәзипа
Нәзипа Құлжанова (1887-1934) – қа­зақ­тың тұңғыш журналист қы­зы.­ 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бiтiрiп, Торғай­да­ғы­ қыз­дар­ учи­ли­ще­сін­де, кейін Семей­де­гi мұғалiмдер семинариясында ұс­­таз­­ бол­ған.­ Ол­ қазақ әйелдерi ар­а­­­­­сы­­­­­нан­­ әл­еу­мет­тiк iске белсене ара­­­­лас­­­­қан тұңғыш педагог-ғалым, әрi қазақ тағдыры жайлы бiрнеше ба­­­сы­­­лым­­­ға мақала жазған қаламы қа­рым­­­ды­ публицист те. 1914 жылы 26 қаң­­­тар­да­ Семей қаласында Абай­дың­ ­қай­тыс болғанына он жыл то­луы­на­ ар­­­нал­­ған­ поэзия кешін ұй­ым­дас­тыр­ған,­ әрi сонда ұлы ақын­ның­ өмi­­рi мен­ өнерi туралы таза орыс тiлiнде ба­ян­да­ма жасаған қарын­да­сы­ның iсiне сүйсінген Ахаң (Ахмет Бай­тұр­­­сын­­ұлы) оған өлең арнап, 1924 жы­лы шыққан “Ана мен бала” атты ең­­бегiне алғысөз жазды.

Айшаның айшықтары
Халық суретшісі Айша Ғалым­ба­­е­­ва 1917-1918 жылдары туған. Қа­зақ­ қыз­­­­­да­­­ры­­ның­­ ара­­сы­­нан­ шық­қан­ тұң­­ғыш­ кес­­кін­­де­­ме­­ші және кино су­­­рет­­­ші­­сі.­ Оның еңбектерінде қазақ әй­­­ел­­­де­­­рі­­нің көркем бейнесі шебер және нәзік бейнеленген. Алматы көр­­­кем­­сурет училищесін, Мәскеу Бүкіло­дақ­­тық­ кинематографистер институтын бі­тір­­ген. «Батыр Ана», «Сәу­­ке­­ле»,­ «Көк­­тем­ жә­не­ күз»­ – Ай­­ша­­­ның­­­ не­­­­­гіз­­­­­гі­­­­­ ту­­­­­ын­­­­­ды­­лары. Ш.­­Уә­­ли­­ха­нов ат­ын­да­ғы­ Мем­­­­ле­­­кет­­­тік сыйлықтың лау­реа­ты,­ «Құр­­мет белгісі» және Еңбек Қы­зыл­­­ Ту­ ордендерінің кавалері.

Осы жұрт Патшайымды біле ме екен?
Қазақ әйелдерінің арасынан шық­­­қан­­ ал­­ғаш­­қы­­ гео­­лог-ғалым Пат­­шай­­ым­­­­ Тә­жі­бае­ва 1920 жылы ту­ған.­­ жет­­­піс­­ бір жыл­­ жа­­са­­ған­ тұл­ға ғы­лым­­­мен­­ қоса қоғамдық қыз­­мет­­тер­­­ге­­­ де­ бел­сен­ді араласты. Гео­ло­гия­­ ғы­­лы­­мы­­ның­ ішіндегі ірге­лі­ са­­ла­ ли­то­­ло­гия­ның негізін қалаған қа­зақ­ қы­зы Патшайым еке­нін­ біреу біл­се, біреу білмес. Осы табы­сы­мен­-ақ Кеңес одағы халқын таң­ғал­дыр­ған ол Ташкенттегі Ор­та­ Азия уни­вер­си­те­тін­ бі­тір­ген. Қа­зақ­ ғы­лы­мы­ның­ қа­ра­на­ры Қаныш Сәт­баев­тан тәлім алды. Шөгінді жыныс­тар­ мен ру­да­лар­дың­ ерекшелігін екшеп, зер­де­леп,­ ұстаз салған соқ­пақ­ты даң­ғылға ай­нал­дырып бақты.

«Күләш деген – керемет!»
Аты аңызға айналған тұлғалардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш КСРО халық әртiсi Күләш Байсейітоваға заң­­ғар­ жа­зу­шы­ Мұхтар Әуезов «Кү­­ләш­­ де­ген – керемет!» деп таң­ғал­ған. Е.­Бру­силовский жазған бi­рiн­шi­ қазақ операсы «Қыз Жi­бек­­тiң» қойылуы қазақ музыка мә­де­ние­тін­де­гі үл­кен­ та­ри­хи­ оқиға болды. 1936 жыл­ғы­ Мәс­кеу­де­гi­ қазақ өнерiнiң онкүн­дi­гiн­де Қыз Жiбекті сомдаған Күләш тың­дар­ман жұртшылықтың ыстық ықы­ла­сына ие болды. Қазақ аруына бар-жоғы жиырма төрт жа­сын­да­ ал­ғаш­қы­лардың қатарында КСРО халық әртiсi атағы берілді.

Мәскеуді мойындатқан мың бұралып
Қазақтың тұңғыш кәсiби бишi­ қызы – Шара (Гүлшара) Жиен­құ­ло­ва. Би құдiретi бойына тумысы­нан­ дарыған Шара небәрi он алты жасында атақты бишi атанды. 1936-1937 жылдары Мәскеу мен Ленинград­ гас­трольдерiнде театрдың қандай­ би­iк­терді бағындырғанын тарихтан білеміз. Қазақ әдебиетi мен өнерiнiң Мәскеудегi алғашқы онкүндiгiнде зор табыстары үшiн марапатталған бiр­ топ­ қай­рат­кер­дің арасынан Шара­­­­­ Жи­­­ен­­­құ­­­ло­ва «Құрмет бел­гi­сi» ор­­­де­­­нiн­ ие­лен­ген. Оның орын­дауын­­­­­да­­­­ғы­­ қа­­зақ­­тың­ көңілді әндерi – «Мол­­­да­­­бай»,­ «Жариям-айдай», «Бүр­­­кi­т­­шi», «Сауыншы жеңгей», «Шах­­­тер» – теңдессiз, қайталанбас дү­­­ни­е­­­лер­-тұғын.
Қазақтың тұңғыш драма театры­ шы­мыл­дығын ашқанда Еңлiк пен Қара­көздей аяулы қыздардың рөлiн, ұлттық кино өнерiнiң төлбасы бол­ған­ «Амангелдi» фильмiнде Бану рө­лiн Шара Жиенқұлова ойнады.

Он сегіз жасында соғысқа сұранған сұлу
Кеңес Одағы батыры атағын ал­­ған­ тұң­ғыш қазақ қызы Мәншүк Мә­ме­то­ва­ 1922 жылы туған. Мәншүктiң азан шақырып қойған аты – Мәнсия. Мән­­шүк­­ мектептi бi­­тi­­ріп,­ ме­­­ди­­­ци­­на­ инс­ти­ту­ты­на құ­­жат­­ тап­­сы­­ра­­ды. Екiншi курсқа өт­­ер­­ тұс­­та­­ ек­ін­ші дүниежүзілік со­ғыс­­ өр­ті­ бұрқ ете тү­се­ді. Небары он­ се­­гіз­ жас­та­­ғы­ қар­ша­дай­ қыз «Фа­­шис­­­тер­дi жою­ үш­iн­ май­данға ат­та­на­­тын­ ағ­ай­ым­­ да,­ апа­й­ым да жоқ,­ сон­­дық­­тан,­ өзiмдi жiберiңiз» деп,­ әс­­ке­­ри ко­мис­са­риат­қа хат жаз­ған.­ 1942 жылдың 13 тамызында Ал­ма­ты­дан №100 атқыштар бри­­га­да­сы­­мен­ Мән­шүк­ те майданға ат­та­на­ды. КСРО Жо­ғар­ғы­ Ке­ңе­сi­­нiң жарлығымен 1944 жылдың 1 нау­­ры­зын­да Мәншүк Мә­ме­­то­ва­ға Кеңес Одағының Батыры ата­ғы берiлдi.

Қаһарман Хиуаз
Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш дегенде Хиуаз Дос­па­­нованы атаймыз. Ел намысын сонау­ Ұлы Отан соғысының сұ­ра­пыл­ жыл­­да­рында ерлермен бiр­ге­­ «етiгiмен су кешiп» қорғаған аяу­лы арулардың бiрегейi, Халық қа­һар­ма­ны­ Хиуаз 1922 жылы дүниеге келген. 1940 жылы Мәскеу қаласындағы ме­ди­ци­­на­­ инс­ти­ту­ты­на оқуға түскен ол со­­ғыс­ бас­тал­ған­да атақты орыс ұш­қы­­­­шы­­­ М­.­­Рас­­ко­­ва­ бас­қарған 46-гвар­дия­­­­лық­­ полкке қабылданады. Қайсар қыз­ Украина, Белоруссия, Қырым, Кавказ, Польша және Албания сияқ­­­ты­­­ фа­­шис­­тер­­ ба­с­ып­ ал­ған­ ел­дер ­ас­­­­­­па­­­­­нын­­­­­да­ “П­О­-2”­ бомбалағыш ұша­­­ғы­­­­мен­­­ үш­ жүз рет жау төбесiнен ажал­ оғын боратқан. Осындай ер­­лi­­гi­ үш­iн­ Хиуаз Доспановаға Ел­­ба­­сы­­ның­­ Жар­­­лы­­­ғы­мен Халық қа­­һар­­­ма­­­ны­­ ата­ғы­­ берiлiп, «Алтын Жұл­дыз» және «Отан» ордендерi тап­­сы­рылды.

Біртуар балерина
1950-60 жылдары сахнаның сәніне айналып, қазақтың тұңғыш балери­на­сы атанған биші Нұрсұлу Топало­ва­ны ең алғаш өнерге тартқан ака­де­мик Ахмет Жұбанов екен. Қар­ша­­дай қызды Алматыдағы опера жә­не­ ба­лет­­ театрының көркемдік же­тек­ші­сі Қ.Жандарбеков пен ба­лет­мейс­тер А.Александров қам­қор­­лық­та­ры­на алады. Топалова сол­ өнер ордасын­да дәріс алып, тө­се­ліп,­ «Қыз Жібек», «Қалқаман-Ма­мыр»­ қой­ылы­м­да­рын­да­ Шара Жиенқұлованы ауыс­ты­­рады. «Нұрсұлу Топалованың дайын­дық­­сыз­ сом­да­ған­ классикалық үлгі­де­­­гі­­­ За­­ре­­ма­­сы нағыз Шығыстың ар­­уы­­­ бо­­­лып­­­ шық­­ты.­ …Ол әрбір сах­­­на­­­ға­­­ шы­­­ғар­­­дың­ алдында қатты тол­­қи­тын, әр биінен қолтаңбасы ай­қын­ кө­рі­не­тін, сол кездегі талант­ты­ би­ші­лер­дің ара­сын­да ерек­ше­ле­ніп­ тұ­ра­тын…» дей­ді Халық әр­ті­­сі­ Бо­лат­­­ Аю­ха­нов.­

Довженконы бас идірген Дариға
Дариға Тінәлина. Әлемге әйгiлi ки­но­ре­жис­сер­ А.Довженко «Шығыс­тың­ тұңғыш әйел-кинорежиссерi» деп ерекше бағалап, қазақтың қар­ша­дай­ қы­зы­ның дарыны мен өне­рi­нiң­­ ал­дын­да бас иген. Жиырма екі­ жыл­ «Мосфильм» киностудиясын­да­ тер­ төк­кен Дариға Тiнәлина ита­­­лия­­лық­­ көр­­нек­­ті­ режиссері Фе­де­­ри­ко­ Фел­линимен, француз ки­но­­­ак­­те­ры әрi күмiс көмей әншiсi Иво­ Ли­ви­мен, КСРО халық әртiсi Иван­ Пы­рьев­пен тығыз араласып, қыз­мет­ ет­кен. 1940 жылы Дариға ак­­­т­ри­­­са­­ ре­­тiн­­де­ М.Донскойдың «Ро­­­ман­­­тик­­­тер»­ атты фильмiне түс­­­ті.­ Ал,­ ре­жис­сер­лық­ кәсiби бi­лiк­­тi­­лi­­гiн­ «Сал­та­нат», «Қияндағы қыс­­тау­да», «Айрықша маңызды тап­­сыр­­ма» ­фил­ьм­де­рiнде керемет үлгi­де көрсеткен. Осылардан­ бөлек Эй­зен­ш­тейн,­ Сергей Герасимов, Әб­дiл­дә­ Тә­жiбаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов сынды тұлғалар ту­ра­­лы деректi фильм жасаған кино­ре­жис­сер­ апа­мыз екі жыл бұрын ғана өмірден озды.

Тікелей эфирдің қарлығашы
Ләзиза Аймашеваны қандас­та­­ры­мыз­дың ішіндегі тұңғыш теле­жүр­гi­зушi қыз ретінде танимыз. 1958 жылғы 8 наурыз – қазақ теле­ви­зия­сы­ның туған күнi. Жұрт экранның не екендiгiн бiлмейтiн сол тұста тi­­ке­­лей­­ эф­ир­де ха­бар жүргiзген дик­­тор­­дың­­ есі­­мін бүгiнгi буын та­ни­ бер­­­мей­­­ді.­ Сол тұста жап-жас әрi­ үр­iп­ ау­­ыз­­ға салғандай сұлу Лә­зи­за­ дә­рi­ха­на­да­ғы жұмысынан жүргiзушiлiкке ша­қы­рыл­ған екен. Содан Аймашева апамыз он бес жылдан астам тікелей эфирде диктор болды.

Тұңғыш олимпиадашы қайда тұрады?
Алданыш Рамазан – қазақ қыз­да­ры­ның­ арасынан тұңғыш Олимпиадаға қатысқан. Моңғолияның Байөлке аймағына қарасты Өлгей қаласында туған. Бүгінде Ұланбатыр қаласында елеусіздеу ғұмыр кешуде. Сондағы орта мектептің бірінде мұғалім. Ол­ Моң­ғо­лия­ның­ спорт тарихын­да­ тұң­ғыш­ «Спорт шебері» атан­ған.­ Оның жарты ғасыр бұрын жа­ңарт­қан­ үш бірдей рекордының бірін әлі күнге еш желаяқ бұзған жоқ.

Алданыш жүгіруден 1964 жылғы Токио олимпиадасына қатысып, жақ­сы­ нә­ти­же көрсетті.

 Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 6 =