«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұңғыш балабақша

Ең... ең... ең...

0 279

Сіз Астанада ең алғаш ашылған балабақшаны білесіз бе? Ол – №6 «Көктем» балабақшасы. Кезін­де Омбы теміржол басқармасына қарасты ғимаратта іргесі қаланған мекемеге биыл 80 жыл толды. Бала тәрбиесімен 80 жыл бойы үздіксіз айналысып келген білім шаңырағында қазіргі уақытта 230 бала тәрбиеленуде.

Сәби шыр етіп дүниеге келіп, енді ес біле бастағанда алғаш рет балабақша табалдырығын аттайды. Осы сәттен бастап оның тәрбиесіне бірден-бір жауапты тұлға – тәрбиеші. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Алтынай Нұрмағамбетқызы басқаратын «Көктем» балабақшасы балаға берілетін тәрбиенің мықты болуы үшін аянбай еңбек етуде. Балабақша әдіскері Салтанат Теміртасқызының айтуынша, білім мекемесінде барлығы 7 топ бойынша 15 педагог жұмыс істейді. Балабақшаның бес бірдей ұстазы «Білім үздігі» төсбелгісімен марапатталса, екі ұстаз өткен жылы «Үздік балабақша педагогы» ата­ғына ие болған.
«Осы ұстаздардың арқасында балалар «Үркер» орталығы ұйым­­дастырған халықаралық сайыс­тарға, қалалық байқауларға қат­ы­­сып, топ жарып жүр. Атап айт­сақ, «Елорданың еркетайы» байқауында би жарысы бойынша І орын, балалар жол-көлік травматизмінің алдын алуға бағытталған брейн-ринг додасында ІІ орын иелендік. Сәдірмек Бабыр мен Ким Илья атты кішкентай бүлдіршіндеріміз білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» зият­керлік марафонында жеңімпаз атанды. Осындай сайыстарға белсенді қатысқан балабақша ұжымына «Алтын жұлдыз» марапаты берілді. Бұл ретте Бибінұр Жұмабаева, Гүлзана Кәрімова, Анна Стрелец, Валентина Кирилюк, Светлана Горемычкина секілді әріптестеріміздің еңбегін айтпауға болмас» дейді балабақша тәрбиешісі Ұлтуар Зияханова.
Аумағы кең, тал-терегі мол өсіп, ең бастысы, тарыдай баладан тау­дай тұлға шығаруға талпынып жатқан № 6 «Көктем» балабақ­шасына толағай табыс тілейміз.

Шынар МҰРАТҚЫЗЫ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
2-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды