ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

0 177

Халық арасындағы тұмау ауруы эпидемиялық деңгей шегінен аспайтын эпидемияаралық мерзімде спорадикалық, яғни бірен-саран сипатта болады. Респираторлық жұқпаның 80 пайызын парагрипп, аденовирустар, сол сияқты  тұмау жұқпалары құрайды. 

Респираторлық жұқпалардың этиологиясында аурушаңдық шегінен бірнеше мәрте артқан кезінде ел экономикасына және адам денсаулығына зиян келтіретін тұмау вирусы басым болып, аурушаңдықтың өршуіне әкеледі. Тұмау вирусының мутацияға түсу мүмкіндігін, ал оның планетарлық көлемдегі эпидемияға – бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы қаупіне әкелетінін ғалымдар дәлелдеген. Қазіргі таңда пандемиялық тұ­мау­ ау­ру­ы әлемнің түкпір-түкпірінде орын алған.

Астана қаласының Халықаралық әуежайы еліміздің астанасына кіретін қақпа болып та­­бы­ла­ды. Апта сайын аумақ бойынша ха­­­лық­­­ара­­­лық­ рейс­тер­мен 7800-ден артық әуе­жо­лау­шы­лар, олардың ішінде 2000-ы­­ аса­ қау­іп­ті және карантиндік жұқпа сияқ­ты­ аурушаңдықтар бойынша қолайсыз Оң­түс­тік­-Шығыс Азия елдерінен келеді.

Пандемиялық тұмаудың алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті мына­лар­ды ескертеді: пандемиялық тұмау тір­кел­ген жақын және алыс шетелдерге баруға мүм­­кін­ді­гін­ше шектеу қойыңыз. Егер ше­тел­ге­ бара қалған жағдайда ЖРВИ ұқ­сас­ кли­ни­калық белгілерге (дене қы­зуы­­ның­ жо­ғар­ылауы, тамақ ауруы, жөтел, мұ­рын­ның бітелуі) назар аударыңыз. Сіз­ді­ денсаулығыңыз мазалайтын болса,­ дә­рі­гер­мен кеңесіңіз. Ауру адамдармен жақын қарым-қатынас жасамаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуып отырыңыз немесе құрамында спирті бар сұйықтықпен сүртіңіз. Бөлмені және үйдегі ортақ пайдаланатын жайды жақсылап желдетіңіз. Клиникалық белгілер пайда бол­ған­ жағдайда біржолғы бетперделерді пай­даланыңыз және оларды екінші рет пай­да­лан­баңыз. Туыстармен және достармен қарым-қатынасқа мүмкіндігінше шектеу қою қажет. Шетелден келген соң жедел медициналық қызмет алу үшін денсаулық жағ­дай­ыңызды нашарлататын белгілердің бар-жоғын қадағалаңыз.

Дария ӘЗІМБАЕВА,
ҚР ДСМ МСЭҚК Көліктегі Департаментінің Астана қаласы халықаралық әуежайы СКП бастығы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 4 =