ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІРЕК

0 126

Күн райы салқын тартқаннан дене қызуы көтеріліп, тұмауға шалдығатындардың  қатары жиілеп кететіні бар. Ал Астана қысы қаһарын ерте байқатады. Ауырып, емделген­нен, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек. Осы орайда Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Сархат Бейсенова нақты шаралардың басталғандығын әңгімеледі.

 – Сархат Сағынтайқызы, тұмау көп тарайтын аурулардың бірі. Оның көп тарайтын мезгілі қай айда байқалады?

– Тыныс жолдарының жұқпалы аурулары қазан және қараша айларында қоза түседі. Желтоқсанның соңына қарай тұмау вирусының таралуы басталады. Сондықтан қыркүйек, қазан және қараша айла­рында екпе салдыру керек. Осы үш айдың ішінде кез келген уақытта екпе салдыруға болады. Бірақ, иммунитеттің қалыптасуына екі апта қажет екенін де естен шығармаған жөн.

– Көпшілігіміз мұндайға салғырт қарап жата­мыз. Бәлкім, елордадағы мекемелер егуді ұжымды түрде ұйымдастырған тиімдірек болар…

– Әлбетте, вакцинация – тұмауға қарсы ең тиімді шара. Егілген ұжымда ауру он есеге төмендейді. Егер егілсеңіз де ауырып қалсаңыз, клиникалық кезеңі жеңіл өтеді, аурудан тез жазыласыз және асқынудың алдын алады.

– Бұл бұқаралық шара болғандықтан тегін қызмет көрсетіле ме?

– Жоқ, еліміздің Ұлттық күнтізбесіне кірмегендіктен, халықты егу жұмыстары ақылы түрде өтеді. Қалада 15 егу пункті ұйымдастырылған – 8 қалалық емхана және 7 медициналық орталық.

– Мәселен, қай нүктелерде?

Мәселен, «Интертич» (Кенесары көшесі №1, тел: 51-53-00), «Медлайн» (Жангелдин көшесі №4, тел: 44-34-54), «Медикер» (Қабанбай батыр даңғылы №17, тел: 55-80-41), «Open Clinik» (Оты­рар көшесі №8/2, тел: 21-95-72), «Фармаком» КФК ЖШС (Майлин көшесі №7/1, тел: 35-07-16), «Ин­тертич Астана медициналық ассистанс» (Мәскеу көшесі №38 А, тел: 53-96-18), «Медикал Ассистанс групп» ЖШС (Сығанақ көшесі №21/1, тел: 50-41-35) медициналық пунктері 17 қыркүйектен бастап азаматтарды қабылдай береді. Ауруға қарсы иммунитеттің қалыптасуына бір рет егілу жеткілікті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =