ТҰМАУ ТҰРАЛАТЫП ЖҮРМЕСІН

0 192

1391589430-491122-15187

 

Жұртшылық көп жағдайда тұмауды елеп-ескере бермейді. Бірақ, бұл дерт асқынуларымен қауіпті. Сондықтан әр адам оған жеңіл-желпі қарамай, сақтанып жүргені дұрыс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек  Бекшин брифингтегі сөзін әлеуметтік желілерден таралған ақпараттардан бастады. Кейінгі кезде банан, мандарин секілді жемістерден әртүрлі вирустар табылып жатқаны, оның бірқатары өлім-жітімге әкеліп соққаны жөнінде дақпырт әңгіме көп. Бас санитарлық дәрігер бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтын жаңсақ ақпараттар екенін жеткізді.

Комитеттің ақпараты бойынша, елімізде тұмау мен ЖРВИ эпидемиологиялық жағдайы ағымдағы жылы тұрақты деп бағаланған.  Бақылау нормасынан асып кеткен жағдай болмаған. «Тұмау – кездейсоқ пайда болатын дерт емес. Ол жыл сайын қайталанады. Биыл вирустың эпидемиологиялық жағдайы қаңтар айының соңында болады деп болжанып отыр» дейді Ж.Бекшин.  Оның айтуынша, тұмау – асқынуымен қауіпті. Оның соңы пневмонияға дейін әкелуі мүмкін. Ал бұл дерттен өлім көрсеткіші бірлі-жарым болса да кездеседі. Мұның басты себебі, жұртшылықтың вирусқа немқұрайлы қарап, асқындырып алуында. «Тұмаудан өлім-жітім көрсеткіші көбіне науқастың дәрігерге кеш қаралуынан басталады. Ауруы әбден асқынған науқас жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Ем-дом да кеш басталатындықтан дәрігерлер ауруды дер кезінде ауыздықтай алмай қалады»  дейді Жандарбек Бекшин.

Тұмау – жан-жақты зерттелген ауру болғанымен, ол құрылымын үнемі өзгертіп тұрады. Сондықтан адамның бойында оған қарсы иммунитет қалыптасып үлгермейді. Бүгінде еліміз бойынша тұмаудың зертхана бойынша дәлелденген 270 жағдайы тіркеліп отыр. Соның ішінде Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. Ал Астанада тұмаудың 31 оқиғасы тіркелген.

Мамандар тұмаудан сақтанудың сақтанудың жалғыз сенімді жолы – вакцина дейді. Бұл екпенің өзін әр жылдың желтоқсан айының ортасына дейін алып үлгеруі керек. Себебі, екпені алғаннан кейін тұмауға қарсы иммунитет екі аптаның ішінде ғана қалыптасады екен.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 19 =