Тұмау тұралатпасын

0 108

Тұмау және жоғарғы тыныс жол­­­да­­­рын зақымдайтын бір­не­ше­ ау­­ру­­ түрлері ЖРВИ, яғни, жіті рес­­­­­­пи­­­ра­­­тор­­лы­ вирусты инфек­ция­­­ ау­руларына жатады. Сон­дай­­-ақ, оларға тұмаудан басқа па­рагрипп, адено­вирусты, ри­но­­вирусты т.б.­ көптеген вирус­ты­­­ жұқпалар да­ жатады. Бұл ау­­рулардың қоз­дыр­ғыш­тары әр­­түрлі вирустар (А,В,С) жә­не олар­ әлемде кең таралған.

Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дей­­інгі балалар 6 ретке дейін тұмау не­ме­­­се­ ЖРВИ-мен ауырады екен. Біздің жер­­лер­де тұмаудың бас көтеруі суық түс­кен­­ кезде қыс айларында басталып, кейде көк­тем­ге дейін созылады.

Тұмау – жіті вирусті инфекция тыныс жолдарының зақымдануымен және ағ­за­ның улануымен көрінетін ауру. Тұмау ауа­ арқылы науқас адам жөтелгенде, түш­­кір­­ген­де,­ сөй­ле­ген­де­ қоршаған ортаға та­ратылып сау адамдарға жұғады, әсіресе, жұғу мүмкіндігі бастапқы күндері өте жо­ғары. Жас балалар мен жүкті әйелдер жә­не қарт адамдар немесе созылмалы ау­­руы­ бар адамдар үшін тұмау – өте қау­іп­ті.­ Өйт­кені, оларда тұмау ауыр түр­де­ өте­ді және асқынуларға әкеліп соқ­ты­ра­­ды.­ Ау­ырғандардың 10-15 пайызы ас­қы­ну­ға шал­дығады, ал ең жиі кездесетін ас­қы­ну­лар:­ өкпенің қабынуы, отит, гайморит, ме­нин­гит.

Науқас адам тұмау басталысымен мін­дет­ті түрде дәрігерге қаралуы керек.

Тұмаудың алдын алу жолдары: тұмау бас­та­лар­ ал­ды­на 1-2 ай бұрын тұмауға қар­сы­ вакцина алу керек. Тұмаудың ал­дын­ алу үшін 0.25%-0,5% оксалин май­ын­ күніне 2-3 рет мұрын ішіне жағу ке­рек. Құрамында С және Р витаминдері бар­ сұйықтарды итмұрын тұнбасын, бал қо­сыл­ған шай, сүт, жеміс-жидектерден жа­сал­ған сусындар (компоттар), әртүрлі же­міс­ шырындарын көп мөлшерде жылы күй­ін­де ішу керек, лимонды көбірек қол­дан­ған жөн. Пияз, сарымсақты (чеснок) та­­мақ­қа молырақ қосу керек. Тұмау ке­зін­де­­ антибиотиктерді қолдануға болмай­ды,­­ өй­­т­кені, олар вирусқа қарсы әсер ет­пей­ді, керісінше, вирусқа қарсы күресті азай­тып,­ ағзаның қорғаныс жүйесін – им­му­ни­тет­ті әлсіретеді.

Көкенай ТАШИМОВА,
қалалық жұқпалы аурулар
ауруханасының СӨС дәрігері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + thirteen =