©2020 Астана Ақшамы
Тұмарымыз — татулық
Құрметті астаналықтар және қала меймандары!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс біртұтас еліміздің ортақ мейрамы. Биылғы мереке елорданың 15 жылдығымен орайлас келуде. Арайлы Астанамыз бейбітшіліктің бесігіне, жарасымдылықтың кіндігіне айналып отыр. Астана бұл күнде игі бастамалардың, әлемдік келісім мен келіссөздердің орталығына айналды. Бұның түбінде Елбасының кемел ойының жемісі мен елордалықтардың үлкен үлесі жатыр.
Олай болса, осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ізгі ниетпен,
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов