Тұлпар мініп, ту алған

0 82

«Qazaq Epos» қоғамдық қорының республикалық жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды.

тұлпар

Байқау жас ұрпақты халық ауыз әдебиетімен сусындатуға олардың ой ұшқырлығы мен тіл байлығының, сана-сезімінің дамуына көп әсерін тигізеді. Ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұралар балалардың өнер-білімге құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелейді.

«Qazaq epos» қоғамдық қорымен «Астана дарыны» орталығы бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.

Байқаудың талаптарына сай оқушылар «Ер Едіге» жырын толық жатқа оқыды, Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап берді, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндірді және қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарды талқылады. 11-12 қараша күні өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңіне 62 мектептен 101 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 12 оқушы (№86 МЛ, №38 МЛ, №72 МЛ,  №54 МЛ, №16 ОМ, №55 ОМ, №81 мамандандырылған гимназиясы, БИЛ (ер) №77 МГ,  №40 МЛ (2) және №7 МГ оқушылары) қалалық кезеңде өнер көрсетті.

Қалалық кезеңде жүлдегер атанған оқушылар:

І орын – №54 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Гүлназым Марат;

ІІ орын – №86 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Кәусар Шырынбай;

№81 «Astana English» мектебінің 7-сынып оқушысы Ақгүл Әбдірашева;

ІІІ орын –  №55 ОМ 7-сынып оқушысы Майра Серікбаева, №40 МЛ, 8-сынып оқушысы Айым Төлеубаева.

Елордада бірнеше күнге созылған дүбірлі додада бабы мен бағы оза шапқан Гүлназым Марат «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының республикалық кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 4 =